Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: ontystyk.gov.kz

«Жайдарманның» жеңімпаздары...

856 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2015-09-06

Жуырда облыстық бiлiм, жастар саясаты және тiлдердi дамыту басқармасының тапсырысымен, «Оңтүстiк жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Төлеби ауданына қарасты «Тау самалы» сауықтыру лагерiнде «Жайдарман» дарынды жастарға арналған  семинар-тренинг өттi.  Атаулы жобаға аудан, қалалардан жас жайдарманшылары, студенттер қатысты. Жастар аса қызығушылықпен көретін жастар бағдарламасы туралы айтылар әңгіме көп, әрине. Аға буын тарапынан сыни пікірлер көп айтылса да жастар осы жобаны ықыласпен қызықтайтыны анық. Тау баурайында өткен іс-шара барысында «Жайдарманның» жәй күйі жан-жақты талқыланды.  Iс-шараға облыс әкiмiнiң орынбасары Ерлан Айтаханов, «Қазақстан КВН одағының» президентi Есен Елеукен қатысып, жастармен өзара пікір алмасты. Жаһанданудың жалына жармасқан жастар әрине әлемдік даму үдерістерінен тыс қалып қоюына болмақ емес. Басқосу барысында жастар бүгінгі таңда әлемде орын алып жатқан сан салалы мәселелерді тілге тиек ете отырып, еліміздегі студенттердің жағдайы, ауыл жастарының шешімін таппаған мәселелеріне дейін тоқталды. Жастардың ең басты ұсынысы облыс әкiмiнiң «Жайдарман»  командасын құру қажеттiгi жөніндегі ойларын ортаға салды.  Әрине бұл бірден қолдау таба салатын мәселе емес екендігі аян. Алдағы уақытта облыс әкімдігі тарапынан қолға алынып жатса құба құп. Әрине, жастардың бар ынта ықыласын тудырып, қызыға тамашалайтын бағдарламасы арқылы олардың белсендiлiгiн арттырып, қоғамда орын алып жатқан құбылыстарға бей-жай қарамай, қолдау білдіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеуде таптырмайтын құрал іспетті. Сондықтан да жайдарманшылардың  саналы тәрбие беретіндей салмақты әзіл айтуды, сол арқылы қазақша көңілді тапқырлар клубының сапасын арттыру қажеттігіне баса назар аударылды. Жастармен емен-жарқын пікір алмасқан облыс әкімінің орынбасары Ерлан Айтаханов: «бүгінде мемлекет тарапынан жастарға көптеген қолдау білдіретін бағарламалар қолға алынуда. Жоғары білім алу үшін, жұмысқа тұру үшін, өз кәсібін ашу үшін қаншама бағдарламалар бар. Тек соны тиімді пайдалана алса болғаны. Соңғы жылдары жүзеге асырыла бастаған ірі жобалардың бірі «Серпін» бағдарламасы арқылы оңтүстiктiң жастары солтүстік облыстарға оқуға түсіп, жоғары білім ауына мүмкіндік туды. Биыл «Серпiн» бағдарламасы аясында республика бойынша 5 мың оқу гранты бөлiндi. Оның 3 500-i оңтүстiк облысқа бөлініп отыр. Солтүстікке бет бұрған оңтүстіктің жастары ол жақта мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейтуге үлес қосатыны анық. Сондықтан да дер кезінде жастарды қолдауға арналған бағдарламадан тыс қалмаған дұрыс» деді. Екі күнге созылған семинар облыс орталығындағы «Оңтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң жүлдесi» үшiн республикалық «Жайдарман» ойындарына жалғасты. Өңірдегі сайысқа аудан, қалалардан «Жайдарман» командалары және республикалық «Жайдарман» ойындарының белді командалары қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Сайысты «Қазақстан КВН одағының» төрағасы Есен Елеукен жүргiзiп отырды. Кіл жүйріктер қатысқан дода жоғары деңгейде өттi. Күлкі жәрмеңкесіне 10 команда қатысты. Әділқазылық жасағандар да осал емес. Жайдарман ойындарына бокстан әлем чемпионы, Азия ойындарының жеңiмпазы Бiржан Жақыпов, , актер, режиссер Шапағат Орынбаев, «Оңтүстiк цирк» мемлекеттiк коммуналдық қазыналық кәсiпорнының директоры Арман Әлиев, «Нысана» әзiл-сықақ театрының актерi Дәнекер Оразбай, Оңтүстiк Қазақстан облысының бiлiм, жастар саясаты және тiлдердi дамыту басқармасының «Жастар орталығы» КММ директоры Ерлан Айтбаев әдiлқазылық жасады. Аса тартысты өткен ойында жеңімпазды анықтау оңайға соққан жоқ. Ойын қорытындысы бойынша  I орын – «ОҚО  әкiмiнiң кубогын» Мақтаарал ауданының құрамасы жеңiп алып, 300 000 теңге сыйақыны қанжығаларына байлады.  II орынды «Шымкент жастары» құрамасы иеленiп, 200 000 теңге иеленді. Ал, III орынды Бәйдiбек ауданының құрамасы лайық деп танылды. Оларға 150 мың теңге бұйырды. Ынталандыру сыйлығына ие болғандар да аз емес. Астарлы әзiлiмен көзге түскен Түркiстан қаласы құрамасының ойыншысы Бекұлан Жолдықожаев «Үздiк ойыншы» аталымы бойынша жеңымпаз атанды. Оған бұйырғаны 50 мың теңге болды. Бар өнерлерін ортаға салып, көрерменнің көзайымына айналған өзге де командаларға ынталандыру сыйлығы ретiнде алғыс хаттар мен 30 мың теңге сыйақы табыс етiлдi. Алдағы уақытта оңтүстіктің жайдарманшыларын республикалық додаларда алдыңғы орындардан көретін боламыз.

 

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 25 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 24 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея