Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: ontystyk.gov.kz

Оңтүстік Қазақстандағы кластерлік сектор өз жемісін беруде

699 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2015-09-05

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов «Оңтүстік» индустриалды аймағы мен «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында болып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Облыс басшысы арнайы экономикалық аймақтарда жылдар бойы атқарылған жұмыстар нәтижесін бере бастағанын, өндірістік қуаттылықтың арқанын атап өтті. «Индустриалды аймақтар үлкен әлеуетке ие. Осы жылдарда істелген жұмыстар елеулі нәтижелер бере бастады. Енді осы қарқынды арттыра түсу қажет», -- деді Б.Атамқұлов.

«Оңтүстік» ИА-да жалпы құны 66 млрд. теңгені құрайтын 128 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 18,5 млрд. теңгені құрайтын 36 жобасы қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 2 782 жаңа жұмыс орны ашылды. Мұнда келешекте жалпы құны 81.67 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобалар іске асырылып, 6 мың жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Осы индустриалды аймақ ашылғалы бері мұнда 53 млрд. теңгенің өнімі шығарылып, бюджетке салықтық түсімдер ретінде 3,5 млрд. теңге құрылды.

 

Бүгінгі таңда «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалпы инвестиция көлемі 22.6 млрд. теңгені құрайтын 8 ірі компания жұмыс жүргізеді. Мұнда 1 445 жаңа жұмыс орындары ашылған. Облыс әкімі жұмыс сапары барысында кілем тоқитын, жіп иіретін, гофралық картон, қағаз өндіретін, мақта талшығы мен мақта целлюлозасын шығаратын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Айта кетейік, бұл тауарлардың барлығы еліміздің экспорттық әлеуетін арттырып, шетелдік нарыққа шығарылуда. 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 25 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 24 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея