Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

ЖАСТАР АРАСЫНДА «АДАЛ ЖОЛДЫ ТАҢДАЙМЫЗ» МАРАФОНЫ БАСТАУ АЛДЫ

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2019-03-04

Өз заңын құрметтеп - қастерлейтін, еліне шын берілген Адал ұрпақ - Мәңгілік елдің кепілі.

Осы орайда, жастарды рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу бағытында Түркістан облысының жастары арасында «Адал жолды таңдаймыз» эстафетасы бастау алды.

Патриоттық шараның өтуіне бастамашылық білдірген ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті және ұйымдастырушы Түркістан қалалық білім бөлімі болды.

Жиынның мақсаты – жалпы адамгершілік және ұлттық құндылықтар негізінде өскелең ұрпақтың бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және оған қарсы тұруға дайын тұлғаларды тәрбиелеу.

Марафонның алғашқы эстафетасын салтанатты түрде Департамент басшысының орынбасары Ғ.Асанұлы Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Т.Мұсаевқа табыстады.

Іс-шарада сөз сөйлеген Ғ.Асанұлы ел болашағы үшін аянбай еңбек ететін патриот, елжанды жастарды жемқорлыққа қарсы күрес бойынша барлық шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Эстафетаны қабылдап алған Т.Мұсаев бұл бастамаға қолдау білдіру мақсатында қала жастарымен түрлі патриоттық шаралары өткізетінін жеткізді.

Айта кетейік, жастар арасында «Адал жолды таңдаймыз» сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өңірімізде алғаш рет өткізілуде.

Марафон аясында түрлі бағыттағы іс-шаралар барлық аудан, қала жастарының белсенді қатысуымен өтетін болады.

  Эстафетаны табыстау рәсіміне жалпы 300 - ге жуық жастар қатыстырылып флешмоб пен шеру және патриоттық әндер шырқалды.

Марафонның соңғы форумы, яғни жеңімпаздарды марапаттау рәсімі                7 желтоқсанда Халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күні қарсаңында өтетін болады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Май 2019=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

5

6

7

9

11

12

13

14

15

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея