Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

«Еркін сөз -2019» жеңімпаздары анықталды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2019-11-22

Түркітілдес журналистер қорының ұйымдастыруымен, «Халық банк» АҚ қаржылық демеушілігімен қазақ журналистер арасында ұйымдастырылған «Еркін сөз»-2019 шығармашылық байқауының жеңімпаздары анықталды. Биыл үшінші рет өткізілген Байқаудың сыйақы қоры – 4 миллион теңге. Бас жүлдеге тағайындалған қаржы – 700 000 теңге; бірінші орын – 300 000 теңге; екінші орын – 200 000 теңге; үшінші орын – 100 000 теңге.

Байқаудың басты мақсаты – мемлекеттік тілде жазатын БАҚ өкілдерін қаржы саласына бейімдей отырып, Қоғамдағы қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру, қарапайым халыққа банк, қаржы туралы кеңінен мәлімет тарату.

«Еркін сөз»-2019 байқауында «Үздік телесюжет» аталымы бойынша Бас жүлде Абай Сейфуллаұлы («Астана» телеарнасы) бұйырса, бірінші орынды – Айбек Қосанов («Еуразия» телеарнасы»); екінші орынды – Әнуар Карбозов («Atameken Business» телеарнасы); үшінші орынды – Ришат Асқарбекұлы («Астана» телеарнасы) иемденді. Биыл «Еркін сөз»-2019 байқауына сайттар мен газеттерден материалдар көп келіп түсті. Қаржылық сауаттылық, банктердің пайыздық мөлшерлемесі, ипотека, депозит т.б. мәселелерді қаузаған журналистер барынша белсенді болды. Сонымен «Үздік мақала» аталымы бойынша жеңімпаздар: Бас жүлде – Сәкен Орынбасарұлы («Заң» газеті), бірінші орын – Сарби Әйтенова «Жетісу» газеті); екінші орын – Айбөпе Сабырова (Атырау облыстық газеті); үшінші орын – Динара Жұмабекқызы («Орал өңірі» газеті). Ал «Сайттағы үздік мақала» аталымы бойынша үздік атанғандар: Бас жүлде – Аслан Қаженов (www.inbusiness.kz); бірінші орын – Айша Кеңесбай (www.kazislam.kz); екінші орын – Нұрдәулет Кәкіштегі (www.elorda.info.kz); үшінші орын – Жанбота Төлеген (www.informburo.kz)

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

4

6

7

9

10

13

15

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея