Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

«Асардың» алғашқы қадамдары талқыланды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2020-01-12

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев пен қала әкімі Рашид Аюпов "Асар" еріктілер тобының алғашқы қадамдарын талқылады. "2020 - волонтерлар жылына" орай өткен басқосу сұрақ-жауап түрінде өрбіп, сонымен қатар, кәсіпкерлік бойынша да жан-жақты айтылды.

"Асар" еріктілер тобы келер аптада ресми тіркеліп, жеті бағыт бойынша бағдарламалар жасалып, осы топ мүшелерінің шешімімен жетекшісі де сайланады. Шаһар басшысы бір емес, қосымша жетекшілік ететін азаматтың да болуын қарастыруды сұрады. Бұл еріктілер тобы тек қала көлемінде емес, Түркістанға жақын ауылдарға да барып, ондағы адамдардың жағдайын біліп, көңілін көтеруге, психологиялық тренингтер өткізуге жұмыла кіріспек.

Жалпы, қалада 900-ден астам ерікті мен 21 белсенді жұмыс атқаратын еріктілер тобы бар.
Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Шіл 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

3

4

5

6

7

8

9

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея