Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Түркістан облысында америкалық технологиялар ендіріледі

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2020-02-01

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев халықаралық агроөнеркәсіп кешені саласында мамандандырылған америкалық «Valmont Industries» компаниясының басшысы Роберт Гиллен бастаған бір топ делегаттармен кездесті.

Тараптар жаңбырлатып суару тәсілін  қолдануға қатысты екіжақты ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу жоспарларын талқылады. Атап айтқанда, механикаландырылған, жаңбырлатып суару жүйесін қолдану арқылы ауылшаруашылығы өнімдерін өсіріп баптайтын машина-трактор станциясын құру туралы айтылды. Сонымен бірге жобаға салынған инвестициялар шамамен 50 миллион долларды құрайды.

Кездесу барысында Өмірзақ Естайұлы ауылшаруашылық өндірісіне заманауи технологияларды енгізудің маңыздылығын атап өтті.

 «Түркістан өңірінде инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Біз әрқашан тығыз ынтымақтастыққа, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайынбыз. Өңіріміздің климаты ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін өте қолайлы. Жаңбырлатып суару әдісін пайдалану ауылшаруашылық саласын дамытуға ықпал ететініне сенімдімін», - деді Өмірзақ Шөкеев.

Өз кезегінде Роберт Гиллен американдық суару технологиялары өсімдік дақылдарын көбейтіп, су шығынын 50 пайызға төмендететінін атап өтті. Сонымен қатар инвестициялық жобамен таныстырған АҚШ делегациясы ауыл шаруашылығында ғана емес, энергетика, көлік, сауда-саттық, азық-түлік белдеуін қалыптастыруда бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша аймақ басшысы бірлескен жобаларды іске асыру үшін жұмыс тобын құруды және жаңбырлатып суару өндірісінің құрал-саймандарын орнату үшін қажетті инфрақұрылымы бар лайықты жер телімін бөлуді тапсырды.

Сондай-ақ, Өмірзақ Шөкеев TNC Valmont Industries компаниясының әлеуетті жобаларды жүзеге асырудағы басты артықшылықтарын атап өтті. Атап айтқанда, аймақтағы құрылыс қарқынын, түрлі салалардағы жаңа технологиялардың қажеттілігін және оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін, сондай-ақ әкімдік аймақта спринклер жүйесін енгізу жобаларын кеңейтуді жоспарлады.

Отырыстың қорытындысы бойынша облыс әкімі Түркістан облысы әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиевтің басшылығымен бірлескен жобаларды іске асыру үшін жұмыс тобын құруды тапсырды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Ақп 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

3

5

6

10

14

16

19

21

23

24

25

26

27

28

29

Галерея