Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесіне енгізілген 21 бағытқа тағы 7 бағыт қосылды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2020-02-02

Бүгін алтыншы шақырылған Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпысыншы сессиясы өтті. Мәжіліске қала әкімі Мұрат Әйтенов, мәслихат хатшысы Ғани Ташқараев, қала депутаттары мен атқарушы орган басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.


Сессияда халық қалаулылары күн тәртібіндегі бес мәселені қарады. Жиында қала мәслихатының 2018 жылғы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу ұсынылды. Оның біріншісі – әкімшілік- іскерлік орталығындағы өнер мектебінің құрылысын салу және пайдалану. Нысанның құрылысы уақытылы аяқталмауына байланысты, шығындардың өтемақысын төлеу кестесінің мерзімі сессия шешімімен 2020-2034 жылдарға созылды. Екіншісі- қала аумағындағы балалар спорт және жаттығу алаңшаларын абаттандыру мен күтіп ұстау бойынша 2019 жылғы шығындар кестесі 2020-2021 жылдарға өзгертілді.


Сонымен қатар, жиында Шымкент қаласының жедел жәрдем қызметін көрсету станциясын жаңарту және пайдалану бойынша шығындар кестесі 2020-20204 жылдарға ауыстырылды. Мәслихаттың 2018 жылғы 14 желтоқсандағы «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы бойынша міндеттемесін қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер енгізіліп, қала аумағын абаттандыру қағидалары бекітілді. Сондай-ақ, Шымкент қаласы мәслихатының 2019 жылғы 11 желтоқсандағы шешіміне сәйкес әлеуметтік мәні бар қатынастардың тізбесіне енгізілген 21 бағытқа тағы 7 бағыт қосылды.

Мәжілісте күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша Шымкент қаласы Тексеру комиссиясының мүшесі тағайындалды. Мемлекеттік әкімшілік лауазымына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымына Сәдібеков Жеңіс Жақсылықұлы лайық деп танылды.

Сәдібеков Жеңіс Жақсылықұлы Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданында 1975 жылы 7 мамырда дүниеге келген. Еңбек жолды 1996 жылы Қызылорда қаласында Қызылорда политехникалық институтының «АӨК саласындағы экономика және менеджмент» кафедрасының ассистенті болып бастаған. 2009 жылы Шымкент қалалық мәслихатының аппаратына бас маман қызметіне қабылданып, өзін бастамашы қызметкер ретінде көрсете біліп, бөлім меңгерушісі, аппарат басшысы қызметіне дейін көтерілді.
Сессия күн тәртібіндегі мәселелер алдымен тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында және «Nur Otan» партиясының фракциясының мәжілісінде егжей-тегжейлі талқыланды. Сессияға депутат Нұркөз Жаңабаев төрағалық етті.

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

9

10

12

13

14

15

16

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея