Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

"Мәртебелі поэзия мінбері" жобасы осымен бесінші рет оқырманын ақынымен қауыштыруда

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2020-02-13


Аптаның әр бейсенбісінде өтер осы бір таңертеңгілік әдеби сазды кешке жиналуды үрдіске айналдырған жыр сүйер қауым бұл жолы да кітапхана залына толтырғаны соншалық, ине шаншар жер болмады десек те болады. Ақынға құрмет деген осы болса керек.
Бұл жолғы кеш ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, жазушы Баян Керімқызының шығармашылығына арналып, жерлестері ақынын ерекше ілтипат көрсетіп, қуанышпен қарсы алды.
Ақын Нармахан Бегалы жүргізер кештің кейіпкеріне біраз тоқталып, қаламгер болмысына баға берді.
"Отырар" кітапханасының жақында ғана сайланған директоры Анар Жаппарқұлова сөз алып, шайыр шығармашылығына толағай табыстар тіледі.
"Поэзия мінберіне" жиналған оқырман ақынмен жақынырақ танысып, өлеңдерін жатқа оқыған оқырмандар кеш көркін кіргізді.
Абайдың 175 жылдығына байланысты өтіп тұрар рухани кеште әдеттегідей мектеп оқушылары хакім Абай әндерін щырқап, өлеңдерін оқыды. Ақынды құттықтауға келген достары мен зиялы қауым өкілдері Баян Керімқызына ізгі тілектерін білдірісіп, мәртебелі меймандар мен қалыңоқырман жақсы көңіл-күймен тарқасты.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Ақп 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

3

5

6

10

14

16

19

21

23

24

25

26

27

28

29

Галерея