Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

ШЫМКЕНТ: ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАРЫСЫН ПЫСЫҚТАДЫ

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2020-07-30

 

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы туралы жиын өтті.
Жиында қалалық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Ж.Шайхисламов алдағы қыс мезгілінде жылу беру маусымына дайындық барысы туралы баяндады. Айтуынша, тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары жоспармен жүзеге асырылып келеді екен.
«Мәселен, «3-Энергоорталық» АҚ-ның қысқы маусымға дайындық жұмыстарына бөлінген 648 млн. теңгенің бүгінде 50 пайызы игерілген. Яғни, жоспардағы жұмыстардың басым көпшілігі аяқталып отыр. Сонымен қатар магистральдық және ішкі орамдық жылу жүйелерінің қысыммен тексеру жұмыстары 94 пайызға орындалған. Ал орталық жылу қуатына қосылған 1896 көпқабатты тұрғын үйлердің бүгінгі таңда 765-і қысқа толық дайын. Қаланың білім саласындағы дайындық жұмыстары 95 пайызды құраса, қалған нысандар 15 тамызға дейін дайын болады»,-деді басқарма басшысы.
Қала әкімі жиынға қатысқан сала мамандарына мәселені жіті назарда ұстау керектігін айтып, жұмысты ширатуды тапсырды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандарының дайындық жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін аяқтауды міндеттеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Биыл Шымкентте автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде

2021-01-16: Биыл Шымкентте автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде 12 0

2021-01-14: Halyk Bank: “Бізбен бірге болғаныңыз үшін Сізге бонустар сыйлаймыз!” 21 0

2021-01-14: «Қазақстандағы білім беру: STEAM ұлттық моделі» конференциясы 49 0

2021-01-12: АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАРҒА – “САМҒАУ” БИЗНЕС-ФЕСТИВАЛІ 27 0

2021-01-10: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ТУУ КӨРСЕТКІШІНЕН РЕКОРД ОРНАТТЫ 25 0

2021-01-05: «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ ҮЕҰ гранттар беруге конкурс жариялайды 36 0

2021-01-05: НАО «Центр поддержки гражданских инициатив» объявляет конкурс на предоставление государственных грантов для неправительственных организаций 28 0

2021-01-03: БАЛАЛАРҒА ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ СЫЙЛЫҚТАР БЕРІЛДІ 63 0

2021-01-01: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАҢА ЖЫЛДА 60-ҚА ЖУЫҚ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ 59 0

2020-12-30: ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ПЕТИЦИЯ ТУРАЛЫ ЗАҢДАР – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ 37 0

<=Қаң 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

4

6

7

8

9

11

13

15

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея