Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: ontystyk.gov.kz

«25 қайырымды іс» акциясы басталды

👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2016-02-10

Жуырда Шымкент қаласындағы «Мega Planet» ойын сауық орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс «25 қайырымды іс» атты қайырымдылық акциясының бастау алуы және танымал аккордеоншы Махмуд Урумбаевтың кезекті үнтаспасын тұсау кесер кеші өтті. Іс-шара барысында қаламыздың жастарының орындауында «Тәуелсіздік тұғырым» атты флеш-моб ұйымдастырылды. Сазгердің үнтаспасы бұл жолы «Ал, тоқтама» деген атауымен тұсауын кесті. Үнтаспаға сазгердің 20 авторлық және белгілі сазгерлердің шығармалары топтастырылған. Оның алдындағы үнтаспалары «Параллели» (21 шығарма), «Ынтымақ мекені» (17 шығарма), «Магия» атты үнтаспалары (17 шығарма) шығарылған болатын. Өнер сүйер қауымның көңілінен шыға білген Махмуд Урумбаевпен бірге оның әріптестері домбырашы Қанат Төлебаев, саксофоншы Нұржан Баймаханов, «Show band» тобы, «Burhan style»  барабан шоу,  әнші Диана Хашимханова, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның әншісі Мәдіхан Дүйсеев  те бірге өнер көрсетті. Тұсау кесер рәсімінде аккордеонист М.Урумбаевтың жеке туындылары ғана емес, сонымен қатар шақырылған қонақтармен бірге белгілі, танымал шығармалары да орындалды.Сатылымға берілген үнтаспалардан жиналған қаржы қаламыздың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға көмек ретінде жіберілмек.

ПІКІР (1)

  1. 🕔2016-03-12 13:02:15

    Санжар

    Өте керемет!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Ақп 2018=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Галерея