Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

«Konigil» туристік этноауылы

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-08-02
Сұлу шаһар Самарқанның шырайына сүйсінбеу мүмкін емес. Қаланың әр тарабынан көкке мойнын созған күмбездері көз сүйсінтеді. Түркітілдес журналистер қорының Өзбекстан Туризм және спорт министрлігі серіктестігінде ұйымдастырылған пресс — тур Самарқанның көрікті жерлерін аралаумен жалғасты. Самарқан облысының Окбуйро махалласы аумағында орналасқан «Konigil» туристік этноауылы ғасырдан ғасырға тіні үзілмей келе жатқан көне дәстүрлерді тірілтуші орталық деуге болады. Сиёб өзенінің бойында орналасқан этноауыл 3 гектар аумақты алып жатыр. 800 метрлік айналма жолмен жүріп отырып, небір ғажайыптарды тамашалауға болады. Су диірменнің макеті емес, жұмыс істеп тұрған нағыз нұсқасы қойылыпты. Мұнда ежелгі Самарқан қағазын жасау дәстүрі жалғасын тапқан. Бір ғана тұт ағашынан нешетүрлі өнім жасалып жатқанын көруге болады. Сапасы мықты жібек қағаздан елуден астам өнім жасалады екен, оның ішінде сөмке, кәдесый, қуыршақ та бар. Атағы алысқа кеткен Самарқан қағазын жасау сонау VIII ғасырдан бастау алады. Тығыз, мықты, жібектей жылтырап тұрған қағазды 200 жыл сақтауға болады екен. Көне ғасырлардан бері сақталып келе жатқан ежелгі қолжазбалар осы Самарқан қағазына жазылған деген дерек бар. Әйгілі қағазды жасау процесін көзбен көріп, шеберлік сабағына қатысуға болады. Бір ғана қағазды жасап шығару үшін бірнеше маман жұмыс атқаруда. Тұт ағашын қайнатып, сығымдап, ұлу қабығынан жасалған құралмен ысып, жылтыратады. Ұлттық дәстүріне бекем бауырлар әйгілі Самарқан қағазы ғасырлар қойнауында қалып қоймауы үшін қайта тірілтіп отыр. Ежелгі дәстүр бойынша өндірілетін зығыр, мақта, күнжіттен май шығаратын цех та бар мұнда. Оның жасалу жолдарын туристер тамашалай алады. Қыш шебері С.Бабамұратов келушілерге саз балшықтан түрлі қыш құмыра, кесе жасау жолдарын көрсетуде. Қызығушылар өздері де жасап көруіне болады. Ұлттық нақышта безендірілген сан алуан қолөнер туындыларын сатып алуға мүмкіндік бар. Әрі бағасы да аса қымбат емес. Өзен бойын жағалай орналасып, жасыл желекке көмкерілген ғажайып мекенде көруге тұрарлық кереметтер мұнымен де бітпейді. Туристерді тартуға таптырмайтын нағыз ұлттық орталық деуге болады. Зариф Мукхатаров басқаратын шағын орталықты бабадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүрлі өнер орталығы деуге де болады. Жібек қағазының өзі не тұрады? Самарқанға атбасын бұрғандарға керемет әсер қалдыратын орталықтың естен кетпестей ұзақ сақталатыны анық.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

13

14

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея