Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Орта Азияның інжу-маржаны

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-08-03
Бұхарадағы ескі шаһар аумағын нағыз көненің көзі деуге болады. Мұнда «Калон» архитектуралық мешіті мен Мір Араб медресесі, «Калон» мұнарасы орналасқан. Биіктігі 48 метрлік мұнара алыстан менмұндалайды. Пой Калон яғни, ұлы кешен деп аталады. Алып кешен 1127 жылы тұрғызылыпты. Қараханидтер әулетінен шыққан Арслан ханның бұйрығымен бой көтерген көрінеді. Со заманда Бұхар әмірі «ең үлкен кешен саламыз, кімде кім осыны тұрғызса қап-қап алтын беремін. Егер сала алмаса дарға асамын» деп жар салыпты. Көп шеберлер бағын сынап көруге бел буғанмен, патша жарлығын естіп беттемейді. Ақыры қолы алтын нағыз ұста Устуб шебер келіпті. Ұлы нысанды салуға білек сыбана кіріседі. Бір ғана іргетасын қалауға екі жыл уақыт жұмсапты. Іргетасын біткен соң ұста ұшты күйлі жоғалып кетеді. Патша әскерлері қанша іздегенімен еш жерден таба алмайды. Ақыры екі жыл өткен соң шебер қайта оралады. Іргетасты көріп шығып, беріктігін, бекемдігін сынап болған соң, ханға жолығуға келеді. «Мені дұрыс түсінбедіңіз, екі жыл бойы іргетастың қатаюын күттім. Мен осында болғанда сіз асықтырар едіңіз. Сол себептен қашып кеттім. Іргетасты қарап көрдім бәрі дұрыс. Рұқсат берсеңіз ары қарай жалғастырайын» деген көрінеді. Тарихи кешен XII ғасырда соғылған. Іргетасы мықты қаланған кешен бір кірпіші де кетілмей сол күйі сақталған. Со заманда мұнараның биіктігі 48 метр болған екен. Шебердің тағы бір аманаты «мен өлгенде 48 метр қашықтыққа жерлеңдер. Егер мұнара құласа менің қабірімнің үстіне құласын» деген екен. Ұстаның шеберлігінің кереметтігі сол қанша ғасыр өтсе де сол қалпында тұр. Жолбастаушымыздың айтуынша мұнара үстіне шығуға рұқсат жоқ. Текпешектері тайғанақ етіп жасалған мұнара бүгінде 1,5 метрдей шөккен көрінеді. Ерекше пішінмен салынған Мір Араб медресесі 1530 жылдары тұрғызылған. Ислам қағидаттарынан тәлім беретін медреседе талай ғұламалар оқып шыққан. Атағы алысқа кеткен бұл оқу орнында әлі де шәкірттер тәлім алады. Ләбі Хауыз XV ғасырда ерекше архитектуралық ансамбль негізінде іргетасы қаланған Ләбі Хауыз туристерді қызықтыратын ерекше орындардың бірі. Мұнда Бұхарада өте сирек кездесетін су айдыны бар. Айналасында субұрқақтар орналасқан. Одан бөлек тамыр жайғанына 500 жыл болған ағаш тұр. Туристер мұнда бәр сәт аялдап, Бұхараның әйгілі самсасымен шәй ішуіне болады. Ою-өрнегі ерекше архитектуралық кешеннің алдындағы су айдыны расында демалуға таптырмайтын орын. Одан әріректе шағын гүлзар орналасқан. Онда Орта Азия халықтарына ортақ ертегі кейіпкері Қожанасырдың ескерткіші бар. Ситораи Мохи-хоса Қаладан солтүстік шығысқа қарай 12 шақырым жерде Бұхар әмірлерінің жазғы резиденциясы орналасқан. Бұл кешенді көруге асыққан туристердің легі қалың мұнда да. Тарихи орындардың барлығында да ұлттық нақышпен жасалынған кәдесый сататын сауда орындары самсап тұр. Ситораи Мохи-хоса – парсы тілінен аударғанда "жұлдыз бен ай арасындағы сарай" дегенді мағынаны білдіреді екен. Бұхар әмірлерінің жазғы демалатын орны ерекше стильмен көркемделіпті. Сыртқы формасы еуропалық стильде салынғанымен ішкі әрлеу жұмыстарында шығыс сәулет өнері қолданылған. Кешен соңғы рет Мір Саид Әлімхан билігі кезінде толық қайта жөндеуден өткізіліпті. Кешендегі музей әмірлердің өмірінен сыр шертетін жәдігерлерге толы. Гүлжан Көшерова

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

7

8

9

10

11

12

13

14

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея