Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан чемпионаты басталды

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-10-05
 
Шымкент қаласында көркем гимнастикадан әйелдер мен жастар арасында ҚР Чемпионаты мен Кубогы өтуде. Бүгін «Көркем гимнастика спорт кешенінде» жарыстың салтанатты түрде ашылу рәсімі ұйымдастырылып, командалар сап түзеді.
Салтанатты жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Әлия Юсупова қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі.
Жарыста еліміздің барлық өңірінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан, жалпы 330-дан аса спортшы жекелей және топтық сайыс бойынша бақ сынайды.
Сайыстың бас төрешісі – халықаралық дәрежедегі төреші Наталья Мамашева.
Айта кетсек, бүгінгі таңда қалалық көркем гимнастика спорт мектебінде жаттықтырушы-хореографтар құрамы 400-ден аса балаға оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізуде.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаз 2021=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

2

7

10

11

12

13

14

15

17

18

19

20

21

23

25

26

27

28

29

30

31

Галерея