Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: ttjk.kz

АҚШтың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джуди Куоның форумдағы сөзі  

188 просм. 👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2021-11-05

 

Сәлеметміздер ме, ханымдар мен мырзалар,  

Құрметті Ерлан Қарин мырза,

Құрметті Аида Балаева ханым,

Құрметті Багдат Мусин мырза!   

Қазақ тілді онлайн-контент жасаушылардың бесінші форумына  қатысу мен үшін ерекше мәртебе 

 

 

 

Биыл QazForum өзінің алғашқы маңызды кезеңін – бес жылдығын атап өтіп отыр және оның Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келгеніне қуаныштымыз.

 

Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет ретінде Америка Құрама Штаттары Қазақстанның тәуелсіздігін, егемендігі мен аумақтық тұтастығын қолдауды жалғастырып келеді. Осы жылы біз сондай-ақ қауіпсіздік, даму, өркендеу және негізгі бостандықтарды сақтау жөніндегі міндеттемеге негізделген АҚШ-Қазақстан дипломатиялық қарым-қатынастарының 30 жылдығын атап өтудеміз. Біз алдағы жылдары экономикалық, қауіпсіздік және халықтар арасындағы байланыстарымызды нығайта түсугге мән береміз.

 

QazForum қазақтілді БАҚ мен интернет-контент жасаушылардың басын қосып, қазақтілді кәсіпқой қауымдастық үшін қол жетістіктерді дамытып, әлі де жүзеге асырылып жатқан істерді талқылау үшін құрылған.

 

Биыл Форумның бағдарламасында қазақстандық БАҚ мен қоғамның болашақта қалай өзгеретіні туралы көзқараспен бөлісу сияқты мақсат қойды.

 

Соңғы бес жылда Форум нарықтың осы сегментінде тренд қалыптастырушы ретінде танылды. Біз өткен жылдардағы Форумда болған білім алмасу мен пікір алмасу жаңа және тұрақты серіктестікке дейін өскенін байқадық. Осындай форум қазақтілді жаңа медиа жобалардың пайда болуына және осындай шаралардың медиа қауымдастығына оң әсер еткеніне куә болдық.

 

Бүгін түстен кейін Юсуф Омардың шеберлік сабағы сіздерге ұнайды деп үміттенемін. Ол мобильді журналистиканың көрнекті сарапшысы және оның интернеттегі жаңалықтарын миллиардтан астам адам таниды. Оның күрделі тақырыптарды ашуда контентті шығармашылығы арқылы жас аудиторияға тартымды ете алуы мені тәнті етті.

 

Бүгін Қазақстан азаматтарының басым бөлігі әлеуметтік желіде. Олар әлеуметтік медианың белсенді қолданушылары ғана емес, желідегі медианы тұтынуды өзгертеді. Көптеген қазақстандықтар әлемдік онлайн нарыққа өз үлесін қосып, Қазақстанда жасалған медиа өнімдерді шекарадан тыс аймақтарда да танымал етеді.  

 

Қазақстан интернетке қолжетімділік бойынша аймақтық көшбасшы болып табылады. Бұл қоғамға оң әсер ететін үлкен жетістік. Ақпарат еркіндігіне толық құрмет көрсетіліп, STEM және IT-білімге инвестиция жасалса мұндағы цифрлық нарық, соның ішінде Қазақстанда жасалған медиа өнімдер, тек Қазақстан экономикасының өсуіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл Орталық Азия аймағына маңызды актив бола алатынына сенімдімін.

 

Байланыс жағынан дамыған цифрлық Қазақстанның басқа елдер сияқты ендігі тап болатыны ол – жаһандық дезинформация. Біз барлығымыз COVID-19 пандемиясы кезінде адамдарды шатастырып, айла-шарғы жасау мақсатында жалған жаңалықтардың мақсатты түрде таралуы экономикаға, ал ең сорақысы адамдардың денсаулығы мен өміріне зиян тигізетініне куә болдық..

 

Дамып жатқан технологиялардан қалыспау керек екендігін БАҚ мамандары ретінде, қажырлы еңбегіңіз бен тәжірибеңіз арқылы БАҚ болашағын қалыптастыратын үздіксіз мамандар ретінде бізден гөрі Сіздерге мәлім екені анық. Сондай-ақ, сіздерге аудиторияны жалған ақпаратты анықтау және фактілерді тексеруге үйретуге уақытыңыз бен күш-жігеріңізді салу - ұлт болашағы үшін қаншалықты құнды екенін бәріміз түсініп, білеміз. Бүгінгі күні бәріміз тап болған жалған ақпарат мәселесін ескерсек, күшті, еркін және кәсіби медиа ортаны қалыптастырудың маңыздылығын сезінеміз. Бүгінгі пікір алмасу сіздрге Қазақстандағы онлайн-медиадағы үрдістер туралы ойлануға және цифрлық стратегия, фактілерді тексеру және ақпараттық қауіпсіздік сияқты тақырыптар туралы көбірек білуге мүмкіндік береді деп үміттенемін.

 

 

АҚШ миссиясы БАҚ мен журналистикаға арналған көптеген бағдарламаларға демеулік жасайды. Мен олардың барлығын тізіп шыққанша, уақытыңызды алмайын. Мен олардың біріне ғана – Журналистерге арналған ағылшын тілі бағдарламасына назар аударғым келеді. Бұл бағдарлама бүкіл ел бойынша журналистер үшін тегін ағылшын тілі сабақтарын ұсынады және курсқа тіркелу 10шы қарашаға дейін ашық. Бағдарламаға қатысу үшін осы мүмкіндікті пайдаланыңыз. Біз қазақтілді журналистердің осы бағдарламаның игілігін көріп, бұрын таныс болмаған адамдардан сұхбат алып, жаңа ақпарат көздеріне қол жеткізер деп болжау жаасаудың өзіне де қуаныштымыз.

 

Қазақтың бір мәтелінде айтылғандай, «Ел өзіңнен, болашақ бүгіннен басталады». Менің ойымша, QazForum маңызды тенденцияларды ескеру, алысты жақын ету, болжау, алдымызда тұрған міндеттер мен мүмкіндіктерге дайындалу сияқты көзқарастарды басшылыққа алады.

 

Баршаңызға қызықты әңгімелер мен қызықты идеяларға толы жемісті күн тілеймін!

Бүгінгі күн сәтті болсын!

ПІКІР (1)

  1. 🕔2021-11-19 02:22:16

    Jamesdeaps

    Комментарий находится на модерации.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея