Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Шымкентте жүрек-қан тамырларына тың әдіспен ота жасалуда

51 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2021-11-09

Шымкент қаласындағы №2 аурухана базасында коронарография әдісімен хиургиялық емдік жұмыстары белсенді жүргізілуде.

Соңғы бір айдың ішінде аурухананың бас дәрігері Асқар Рахматалиевтың жетекшілігімен 20 науқасқа жүрек-қан тамырлары бойынша тіліксіз ота жасалған.
Дәрігерлердің сөзінше, коронарография – жүректің ишемиялық ауруын анықтаудың тың әдісі. Әлем бойынша осы дерттен пайда болатын өлім-жітімнің саны күрт өскен болатын. Алайда, соңғы жылдарымедицинадығы тың тәсілдердің арқасында өлім саны бәсеңдеген.

–Коронаграфия әдісімен қалалық №2-ші ауруханасында күніне екі-үш науқасқа ота жасаймыз. Амбулаторлы коронографияның пайдасы көп. Бұрын жүрек-қан тамырларын көру үшін көп дәрігердің қатысуы керек болатын. Бүгінде жергілікті анестазия арқылы амбулаторлы түрде науқасты ауруханаға жатқызбай, жүректің қан тамырларын көріп шығуға мүмкіндік бар. Ең бастысы – ешқандай ауырсынусыз, кері әсер байқалмай, 2-3 сағат ішінде науқас аман-есен үйіне оралады. Кез-келген уақытта науқасты стационарға жатқызуға болады,-дейді рентгенхирург дәрігері Серік Керімқұлов.

Коронарграфия дәсінің 99 пайызы жеңіл, әрі сәтті өтуде. Операция кезінде наркоз берілмей, қан тамырының зақымдануына қарай хирургиялық ем 15-20 минут ішінде жасалады.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қаң 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

6

7

8

9

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Галерея