Оңтүстік жастары:
OPEN SHYMKENT БІРЫҢҒАЙ СЕРВИС ПОРТАЛЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Қазақстан 2050:
Жас мамандар үшін келелі кеңес
Күлмекке жақсы:
«Запорожец»-тің артқы есігі
Ақ отау:
Күйеуің адал болу үшін…
Кәсіп болмай нәсіп болмас:
Күбі жасайтын шебер
Бай болғың келсе...:
Кедейлік психологиясынан арылмай, ешқашан байи алмаймыз

Фото: facebook
Жаңа жыл түніндегі тосын сыйға полицей таң қалды
2021 жылдың 31-желтоқсаны. Түркістан облысы Полиция департаменті Жедел басқару орталығы. Сағат түнгі 23:55. Жедел басқару орталығында бейнебақылау инспекторы полиция капитаны Сұлтанбек Серікбай, осымен екінші жыл қатарынан Жаңа жыл түні кезекшілікке түсті. Кенет телефон қоңырауы соғылды. Арғы бетте 2 ұл, 2 қызы, аяулы жары Жаңа жылмен құттықтай бастады. «Әкешім, Жаңа жылыңызбен! Біз сізбен мақтанамыз, аман болыңыз!» деген әдемі, жүрекке жылы тиетін ізгі тілектерін білдірді.
Өз кезегінде полицей Сұлтанбекте отбасын кіріп келе жатқан Жаңа жылмен құттықтап, өз ризашылығын жеткізді.
Осы сәтте «102» қосымшасынан қоңырау келіп түсті. Бір жағдай болып қалды ма екен, көмек керек болар деп жүгіре барған полицейді ерекше тосынсый күтіп тұрды. Бұл жолы облыс тұрғындары мәселе бойынша емес, мерекемен құттықтау мақсатында хабарласқан еді. Онда: "Сәлеметсіздер ме? Сіздерді мейрам күні де жұмыста отырады ғой деп хабарласып тұрмыз. Түркістандық полицейлерге ризамыз! Жаңа жылдарыңызбен!"-деген бір топ жас қыз-жігіттер ыстық ықыласын білдірді.
Ішкі істер саласында 6 жылдан бері қызмет етіп, мұндай құттықтау алмаған полицей Сұлтанбек те ерекше күй кешіп, рақметін жеткізді. Осылайша бұл жылғы Жаңа жыл ғажайыпқа толы болды!
ПІКІР (0)
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Соңғы жаңалықтар

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0
2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0
2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0
2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0
2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0
