Әлеумет Қазақстанның төрт облысында мұғалімдерге жоғары жалақы тағайындалуы мүмкін Редактор 27.01.2022 16732 1 оқу мин ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова ведомствоның алқа мәжілісінде Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарына үздік мұғалімдерді тарту бойынша қандай жоспарлар құрылып жатқанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz. Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады. Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі — жоғары жалақы коэффиценті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу. Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған. ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова Оның айтуынша, биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. Колледждік білімге мемлекеттік тапсырыс көлемі де ұлғайтылады. Биыл 120 мыңнан астам қазақстандық тегін техникалық және кәсіптік білім ала алады, бұл 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда 25 мыңға артық. Сондай-ақ, колледждерге олардың қамқорлығын ұйымдастыру және дуальды оқытуды кеңейту үшін кәсіпорындармен өзара іс-қимылды күшейту жоспарлануда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Алкоголь өнімін өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Алкоголь өнімін өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды 15.09.2025 2000 Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 4804 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 5845