Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Қарақат "толысып бара жатырсыз" дегендерге жауап берді

75 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-02-22

Әрдайым көпшіліктің назарында жүретін Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына деген өзіндік назын жеткізді. Әнші бұл дүниеде ештеңе мәңгілік емес екенін еске салып, өзінің соңғы кезде толысып кеткенін сөз еткендерге жауап берді. Айтуынша, соңғы уақытта оқырмандары оның дене бітімін сөз етіп, ал жары Қыдырәлі Болмановтың қартайып бара жатқанын жиі жазады екен. "Адам түгіл, табиғат та күн сайын түрленбей ме ?! Тіпті алып таулар да орнынан жылжып тұрады екен де, оны біз білмейміз. Шексіз теңіз, мұхиттардың суы да бір тартылып, бір толып, күнде өзгереді. “ Күллі махлұқ өзгерер, Алла өзгермес “ - дейді мұны Абай. Мәңгілік ештеңе жоқ ұғар болсақ. Уақыт зымырап өтіп жатыр. Мысалы, мынау суретке 2-ақ жыл болыпты. Бірақ одан бері біз көп өзгердік. Әсіресе мен. “Қарақат толысыпты, Қыдекең қартайыпты” - деп жазатын жұртым бар. Оу жандарым-ай. Толдым, толыстым рас. Болсын! Есесіне Аяламның ізінен тәп-тәтті қоңыр қозым еріп жүр. Ендігі тілі шүлдірлеп, әр сөзі, әр қылығы үй ішіне мереке. Шүкір бергеніне Жаратқанның. Ал Қыдекең 50-ді еңсерді, 6 баланың әкесі. Қызметін жасады, жасап та жүр. Енді әне-міне дегенше “ қайыната” атанып, оның ар жағында немере сүйіп, “Ата” болудың ауылы да алыс емес. Қартайса несі бар?! Әдемі.  Ой білдіріп, жазбас бұрын ойлану керек адам. Бұл ойым тек бізге қатысты ғана емес жалпы айтамын. Мәселе керілікте емес, мәселе осы жасыңа дейін қандай жұмыс атқардың? Ұлтыңа,ұрпағыңа адал қызмет етіп,пайдалы бола алдың ба ? Істеген қимылың мен жасап жүрген тірлігің жасыңа сай ма, жоқ па - мәселе осында", - деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 26 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 25 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея