Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Асхат Аймағамбетовтың телеграм каналына жазылыңыз...

713 просм. 👤Saq.kz 1 коммент. 🕔2022-03-01

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов желідегі парақшасында жазба қалдырды. "Мен 2009 жылдан бері Facebook, кейін Instagram желісін қолданып келемін. Олар министрліктің жұмысы, біздің жаңа бастамалар, нормативтік-құқықтық актілер және жаңа нормалар туралы халыққа тікелей ақпарат беруіме үлкен септігін тигізіп келеді. Жекеме күніне шамамен 150-200 хабарлама келіп түседі. Бірақ оның барлығына бірден жауап беру мүмкін емес екенін айтқым келеді. Десек те мүмкіндігімше ең маңыздыларына жауап беруге тырысамын. Түскен хабарламаларды оқып, көтерілген сұрақтар мен ұсыныстарды назардан тыс қалдырмаймын. Бұл платформалардың мен үшін осындай да өте пайдалы тұсы бар. Өздеріңіз білетіндей, Telegram – қазіргі уақытта пайдаланушылар арасында өте танымал және ыңғайлы желінің бірі. Сондықтан мен де жеке Telegram арнамды ашуды жөн көрдім. Енді министрліктің жаңалықтарын https://t.me/aimagambetov каналында жариялап тұрамын. Сол себепті менің телеграм каналыма жазылсаңыздар болады) Одан бөлек, келесі аптадан бастап жаңа бағдарламаны іске қосамыз. Ол тиісті кесте бойынша шығып тұратын болады. Бұл министрлік басшылығының әлеуметтік желілердегі білім мен ғылым саласына қатысты көкейтесті сұрақтарға жауап беретін жоба болмақ. Әрине, бұл біздің БАҚ-пен жұмысымызға ешқандай әсерін тигізбейді. Министрлік алдағы уақытта да журналистермен ашық әрі тығыз байланысын жоғалтпай, жұмысын жалғастыра береді. Сонымен бірге министрлік бүгіннен бастап «Желіге шолу» жобасын іске қосты. Жаңа жобада министрлік өкілдері әлеуметтік желілердегі ең өзекті пікірлерге, сұрақтарға бейнеформат арқылы өз жауаптарын береді", делінген жазбада.

ПІКІР (1)

  1. 🕔2022-03-02 01:10:22

    Елеунұрова Қадиша

    Қосыламын

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 25 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 24 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея