Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Шымкент қаласында инвестиция тартуда оң өсім байқалды

136 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-04-12

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздің 2022 жылғы қаңтар-наурыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және отандық ғылымды дамыту мәселелері қаралды. ҚР Ұлттық экономика министрі Ә.Қуантыров үш айда ел экономикасының өсу қарқыны 4,4 пайызға жеделдегенін атап өтті. Тау-кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда инвестициялардың өсу қарқыны 0,6 пайызды құрады. Атап айтқанда, құрылыс, білім беру, мемлекеттік басқару, әлеуметтік қамсыздандыру, сауда, жылжымайтын мүлік пен операциялар салаларында өсім бар. Инвестиция тарту бойынша Шымкент қаласы, Ақмола, Маңғыстау облыстарында жоғары өсім байқалып отыр. Шымкент қаласында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда инвестиция тарту көлемі 84 пайызға артқан. Шаһарда жеті негізгі макрокөрсеткіш бойынша оң өсім тіркелді. Өңдеу өнеркәсібі бойынша барлық өңір оң динамикаға қол жеткізген. Шымкент қаласында өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 4,1 пайызды құрайды. Есепті кезеңде елімізде 2.9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Шымкентте бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 9,1 пайызға артып отыр. ҚР Премьер-Министрі қазіргі күрделі кезеңде экономиканың өсу қарқынын сақтай отырып, әрі қарай жеделдету аса маңызды міндет екенін айтты. Халықтың табысын арттыру, жұмыс орындарын құруды барынша күшейту қажет. Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 26 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 25 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея