Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Қазақстанда баршаға арналған пайызы төмен ипотека шығады

119 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-05-13

Жақында "7-20-25" бағдарламасы бойынша ипотека беру аяқталып, оның орнына халыққа тиімді жаңа бағдарлама іске қосылады. Жаңа бағдарламаны ипотеканың пайыздық мөлшерлемелерін жаңаша субсидиялауды ұсынған "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ дайындап жатыр, деп хабарлайды Экспресс К. Жаңа бағдарлама бойынша берілетін ипотекаға жеңілдік қарастырылмаған. Себебі ол тұрақты табысы бар барлық қазақстандықтарға арналған. Және бұл несиені еліміздегі екінші деңгейлі банктерден алуға болады. Ипотеканы алу шарттары да оңай: бастапқы жарна 20 пайыз, мерзімі 20 жылға дейін, субсидияланған сыйақы мөлшерлемесі бүгінгі 18-19 пайыз көрсеткішімен салыстырғанда 11-12 пайызға дейін төмендемек. Оның себептерін "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олжас Салықов түсіндіріп берді. "Біздің ұсынарымыз — банктер өз есебінен халыққа несие береді, ал біз несие алушының пайыздық мөлшерлемесін субсидиялаймыз. Бұл шамамен 7-8 пайызды құрайды. Осылайша, соңғы мөлшерлеме шамамен 11-12 пайыз болмақ", — дейді Салықов. "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" дайын тұрған үйді ғана емес, үлескерлік құрылыс арқылы салынып жатқан кепілдігі бар үйлерді де сатып алу тиімді деп есептейді. Бұл жағдайда азаматтардың үлесі өзгеріссіз қалады. Себебі құрылыс компаниясы дефолт болуы себепті жұмысты аяқтай алмайтын жағдайда "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" өз есебінен құрылысты аяқтауға міндеттеледі. Біздің ұсынымызға нарықтағы сегіз банк қызығушылық танытты. Олардың бәрі бүгінде ағымдағы "7-20-25" бағдарламасы бойынша жұмыс істеуде. Біз жаңа ұсынымызды мемлекеттік органдармен пысықтап жатырмыз, — дейді "Қазақстандық тұрғын үй компаниясының" өкілі. Жаңа бағдарламаны дайындау кезінде қазақстандықтардың орташа табыс көлемі ескерілмек. Ресми статистикаға сүйенсек, елдегі орташа жалақы көлемі 270 мың теңге шамасында. Бір отбасында екі адам жұмыс істесе, олардың ортақ табысы ипотеканы төлеуге жеткілікті. Қаржы нарығындағы жағдай тұрақталғаннан кейін ипотеканың мөлшерлемесі де төмендейді, — дейді Олжас Салықов. Мұндай жағдайда отандастарымызға ипотеканы қайта қаржыландыруға мүмкіндік туады. Ағымдағы ипотека шарттары бойынша азаматтар несиені 18-19 пайыз мөлшерінде, негізінен екінші санаттағы тұрғын үйлерді сатып алу үшін алуда. Үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы қорындағы қаржының ипотека немесе басқа да қажеттілік үшін алуға болатын көлемінің жеткілікті шегі көтерілгені белгілі.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 25 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 24 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея