Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: facebook

Түркістан: Мектеп мұғалімдеріне тіл тигізгендер 91 890 теңге айыппұл төлейді

617 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-05-14

«Педагог мәртебесі туралы» заңға сәйкес енді жеке тұлғалар мұғалімге тіл тигізсе, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлейді. Ал, аталған жағдай екінші рет қайталанса 40 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Бұл туралы брифингте Түркістан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жанар Қасымова мәлімдеді. Департамент тарапынан өткен жылы педагог қызметкерлерден 21 өтініш келіп түсіп, оның ішінде 12-не әкімшілік жауапкершілік қолданылған. «Оқушы ұстазына тіл тигізсе айыппұлды ата-анасы төлеуге міндеттеледі. Заңда сондай-ақ, педагогтік әдеп жөніндегі кеңестің қызметі, педагогтік кәсіптік даярлау, біліктілікті арттыру мәселелері қарастырылған. Айта кету керек, карантин кезеңінде оқуы тоқтатылған 1-8, 10-сынып оқушыларына 26 мамыр мен 17 маусым аралығында жазғы мектепте оқыту ұйымдастырылады»,- деді Жанар Сатыбалдықызы. Спикердің сөзінше, мектеп бітіруші түлектерге жалға алынған автокөліктермен экскурсиялар өткізуге және мерекелік дастархандар ұйымдастыруға жол берілмеуі керек. Сондықтан, департамент тарапынан қажетсіз шығындалудың тиімсіз екені ескеріп, мектеп басшылығына түлектердің қоштасу кешіне ақылы негізде аниматорлар мен әртістерді мерекелік шараларға шақырмауға, мұғалімдерге сыйлық алу үшін ақша жинамау туралы түсіндірме хаттар жолданған.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0

2022-05-27: Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті 18 0

2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0

2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0

2022-05-27: «AMANAT»: ТҮРКІСТАНДА АЛҒАШ РЕТ «ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРАЙ 10 000 ҚАДАМ» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ 27 0

2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0

2022-05-27: Этот шаг будет способствовать еще большему сближению двух братских стран 25 0

2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0

2022-05-27: В Новом Казахстане большое значение будут иметь стратегические партнерские отношения с соседями 27 0

2022-05-27: По итогам официального визита в Кыргызстан президенты двух стран дали свои оценки на брифинге 24 0

<=Май 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

7

8

10

28

29

30

31

Галерея