Saq.kz Ақпарат агенттігі | Негізгі

Фото: saq.kz

Түркістан облысында «Айбын–2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жарысы өтті

50 просм. 👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2022-06-10

Қоғамда әскери қызметтің беделін арттыруды ақпараттық қолдау және түсіндіру жұмыстары бүгінде қарқынды жүргізілуде. Түркістан облысында осы бағытта атқарылып жатқан ауқымды шаралар көп. Соның айқын белгісіндей жуырда Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығы аясында «Айбын-2022» VIII облыстық әскери-патриоттық жастар жиынына іріктеу жарысы өтті. Аталмыш шара Түркістан облысының Сайрам ауданында ұйымдастырылды. Оған аймақтың 10-11 сынып оқушылары қатысты. Сайысқа Түркістан облысының 13 ауданынан және Түркістан, Кентау мен Арыс қалаларынан келген жалпы саны 305 оқушы қатысты. Жиын ережесіне сәйкес, әр облыстан 15 оқушы, яғни, 10 ер, 5 қыз бала анықталып, облыс намысын қорғайтын болады. Жастар әскери-қолданбалы спорт түрлерінен, плащ түріндегі жалпы әскери қорғаныс жинағы мен газқағарды уақытқа кию, әскерилендірілген эстафета және АК-74 автоматын толық емес шашу мен жинақтау сынды нормативтерді орындады. Сонымен бірге олар интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін де әділқазылар алдында сынға салды. Аталған іс-шара алдыммыздағы жылдың 20-25 маусым күндері Қарағанды облысындағы Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің «Спасск» оқу орталығында өтетін «Айбын-2022» VIII республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына жас сарбаздарды іріктеу мақсатында ұйымдастырылды. «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны – бұл бірегей әскери-патриоттық іс-шара. Мақсаты – елдегі жастарды әскери-патриоттық бағытта тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың бойында Отанын қорғауға деген отансүйгіштік сезім мен ер-азаматқа тән қасиеттерді қалыптастыру. Жарыс нәтижесі бойынша облыстан үздік шыққан Арыстық команда Республикалық жарысқа жолдама алды. Сондай—ақ арнайы медальдар мен алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Мау 2022=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн

4

19

24

25

27

28

29

30

Галерея