
Фото: facebook
«Ұлттық құндылық –ұлт болмысы»
Жуырда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерейтойы қарсаңында ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Жалын» жастар ұйымы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұрпақтар сабақтастығы мен салт-дәстүр құндылықтарын насихаттау» жобасы аясында «Ұлттық құндылық-ұлт болмысы» атты облыстық жастар байқауы өтті. Іс-шараның басты мақсаты-ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді жастар арасында кеңінен насихаттау, ауыл жастары мен қала жастары арасында дәстүрдің қазақилығын кеңінен түсіндіру, жастарды патриоттық пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу, облыстағы жастар саясатының жүзеге асуына жастарды іс-шара арқылы тарту болды. Барлық қатысушылар көрсеткен дәстүрлердің тәрбиелік мәні зор және қоғам тәрбиесіне әсер етердей маңыздылығымен ерекшеленді. Жастар байқауы таныстыру, салт-дәстүр бойынша көрініс көрсету, сұрақ-жауап айдары, өз өнерін көрсету сынды төрт кезең бойынша сынға түсті. Іс-шараға 15 аудан, қалалардаг жастар қатысты. Жарыс жеңімпаздарына басқарма басшысы тарапынан арнайы дипломдар мен алғыс хаттар табысталды. Бас жүлде иегеріне - 100 000 теңге, І-орын-75 000 теңге, ІІ-орын-60 000 теңге, ІІІ-орын-40 000 теңге ақшалай сыйлық табысталды. Ұлт руханиятына мол үлес қосатын мұндай байқаулар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
ПІКІР (0)
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Соңғы жаңалықтар

2022-05-27: Түркістан облысында «Есірткісіз болашақ» акциясы өтті 9 0
2022-05-27: АРЫСТА БАЙҚАУ ОРТАЛЫҒЫ РЕФЕРЕНДУМ БОЙЫНША СЕМИНАР-КЕҢЕС ӨТКІЗДІ 27 0
2022-05-27: ТЕМІРЖОЛШЫЛАР РЕФЕРЕНДУМҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТТІ 23 0
2022-05-27: Новые возможности инвестиционной активности 35 0
2022-05-27: Казахстан готов в полной мере исполнять все обязательства и совместно реализовывать важные проект 36 0
