15-20 тамыз аралығында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық паркінде «ЭтноАртФест» фестивалі өтті. Жобаны QazaqGeography Қазақстандық ұттық географиялық қоғамы ұсынды. Іс-шараның басты мақсаты Оңтүстіктің тамаша табиғатын, қонақжайлылығын көрсету. Толығырақ келесі бейнематериалда.
ЭтноАРт фестивалі алғаш Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде ұйымдастырылып отыр. Осы мақсатта тау бөктерінде арнайы кішігірім этноқалашық салынды. Фестиваль барысында әр ұлт өкілі өз мәдениеті мен салт-дәстүрін, ұлттық тағамдарын ел назарына ұсынды. «Ontustik tourism center» туристік ақпараттық орталығы директорының орынбасары:
Алаңдағы сахнада еліміздің әр облысынан келген ұлт өкілдері концерттік бағдарламалар ұйымдастырды. Өнерпаздар мен қолөнер шеберлер өз туындыларын ұсынды. Фестивальға қатысушылар өте тыңғылықты дайындалған дейді ұйымдастырушылар. Әрқайсысы көрермендерді ерекше таңғалдыруға тырысуда. Соның бірі Нағима есімді кәсіпкер. Ол 4 жылдан құрттың түр-түрін жасап, сатумен айналысып жүр. Нағима ЖАРЫЛҚАСЫМОВА — директор: «Осы табиғи өнімдерден жасалған құрттан әр түрлі…Бірінші үйден бастап дайындадым. Фестивальға келген қонақтардың қарасы көп. Жас та, кәрі де осында. Би билеп, ән салып жүр. Қолөнершілердің туындыларымен танысып, шеберлік сағаттарына қатыстЖоба авторларының айтуынша, бұл формат Оңтүстік өлкесі тұрғындарының барлық тамаша жерлерін, қонақжайлылығын, ашықтығын көрсетеді. Лагерьде «Қолөнершілер қалашығы», «Ұлттық асхана» алаңқайлары ұйымдастырылды. Осылайша тау бөктерінде өткен ұлы той береке-бірлігіміздің мығым, мемлекетіміздің іргесі бекем екенін паш етті десек артық болмас.
Әсем Жайлаухан