Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры жаңа қойлым қойып, кішкентай көрермендерін қуантты. Олар алматылық режиссер Болатбек Тармановтың сахналаған батырлар жырының кейіпкерімен танысты. «Алпамыс батыр» — бұл кең ауқымдағы батырлық-патриоттық бағыттағы туынды. Қазақ халқының туған жер үшін, егемендік жолындағы күресі баяндалады. Алпамыс батыр халықтың қорғаушысы, өз халқы үшін жанын қиюға дайын азамат. Театр әртісі Акберди Мұсакұлов : «шығарманың қойылуы өте жанкешті еңбекті қажет етеді, жауапкершілігі де мол. Әртістердің өнерін ең шынайы көрермендер –балалар бағалайды. сондықтан да жасандылықсыз шынайы ойнауға тура келеді. кішкентай көрермендерімізге ұнады деген сенімдемін». ғажайып туындыны тамашалауға көрермен көп жиналды. Барлығы да кейіпкерлердің өнерін жақсы бағалады. Екі күнге созылған спектакль, мәңгілік құндылықтар яғни, қайырымдылық, сенім, Отанға деген махаббат, ата-анаға деген жылылық сынды қасиеттерді дәріптейді. Сабина – балалар үйінің тәрбиеленушісі: «Алпамыс батыр» қойылымы маған өте ұнады. Әртістер мықты дайындалыпты. қойылымнан барлығын да үйренуге болады. Егер де жаңадан спектакльдер қойылса мен қуана келіп көруге асығулымын». Балалар өздеріне қойылымның ұнағандығын ду қол шапалақтаумен білдіріп отырды. бұл қойылым оларға тамаша көңіл күй сыйлағаны анық.
АКМАРАЛ Копжасарова