фото ТОПД
Түркістан облысының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аудан аумағында дрон құрылғылары арқылы бақылау жұмыстарын жүргізуде.
Әуе бақылауы барысында Созақ ауданының полициясы қарсы бағытқа шығу деректерін анықтады. Атап айтқанда Шолаққорған–Шымкент автожолы бойында «BMW» маркалы автокөлігі белгіленбеген жерден қарсы бағытқа шыққан.
Нәтижесінде заң бұзған автокөлік айыптұраққа қойылып, іс құжаттары сотқа жолданды. Сот шешімімен 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды. Рейд кезінде дрон құрылғысы қарсы бағытқа шыққан тағы да 5 көлік жүргізушісін анықтады.
Жыл басынан бері аудан аумағында жаяу жүргіншілердің және өзге де жол қозғалысына қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзудың 500-ден астам құқық бұзушылығы бойынша шара көрілген.
