Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданындағы «Айқожа» өндірістік кооперативі аудандағы ірі астық өндіруші болып табылады. Тек бір ғана өнім түрін өндірумен ғана шектеліп қалмай таңқурай, бадамгүл, сарымсақ те өсіреді. 2 800 гектар алқаптағы бидайдың жартысынан астамын орып үлгерген. Астықты алқаптың жыл сайынғы түсімі жаман емес. Күздік жиын терімді жоғары көрсеткішпен аяқтап жүр. Астық түсімін арттыру мақсатында «Агрофинанс» ұйымынан былтырғы жылы лизингке «Есіл -760» және «Есіл – 740» комбайндарын сатып алған болатын. Даланы дүбірге бөлейтін егін оратын техниканың барлығы да қазақстандық. Егін егу, ору, жинаумен айналысатын техниканың барлығы да өндірістік кооперативтің өз меншігі. Сондықтан да жыл сайын астық түсімі мол болғанда жинауда да, тасымалдауда да қиналмайды. Шаруашылық бадамгүл егумен айналысқанына да 10 жылдың айналасы болды. Оның аумағы бүгінде 100 гектардан асады. Алдағы уақытта егістік көлемін арттыруды жоспарлап отыр. Аталған өнімнің көлемін көбейткен жағдайда жергілікті нарықта бәселекелестерін басып озуға мүмкіндік туары сөзсіз.