фото ШПД
Шымкент қаласында полицейлер “Қарасора-2026” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі құрамдас өсімдіктерді өсіруге арналған жасырын зертхана анықталды.
Полиция қызметкерлері үйлердің бірінен арнайы жабдықталған бөлмені анықтаған. Онда жарықтандыру шамдары, желдету және ауаны тазарту жүйелері орнатылып, есірткі өсімдіктері өсірілген.
Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 26 түп есірткі құрамдас өсімдік және құрамында кептірілген өсімдік тектес зат бар 19 сіріңке қорабы тәркіленді.
Сонымен қатар, екі тапанша мен оқ-дәрілер анықталды.
Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жүргізілуде.
Полиция есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылықтардың жолын кесу және анықтау бойынша кешенді жұмысты тұрақты түрде жүргізіп келеді. Есірткі заттарын заңсыз өсіру, сақтау, дайындау немесе өткізу фактілерінің әрқайсысына заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріліп, кінәлі тұлғалар белгіленген тәртіппен жауапкершілікке тартылады.
