Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Облыстың дамуы фотограф көзімен» фотоконкурсының
ЕРЕЖЕСІ
- Конкурсты ұйымдастырушы:
«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы» ММ.
2. Жалпы ереже:
Конкурсқа Оңтүстік Қазақстан облысының үздік және әуесқой фотографтары қатыса алады.
- Конкурс мақсаты:
Сурет тілінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму серпінін, туризм саласындағы жетістіктерді, кәсіпкерлік және Тәуелсіздік алғаннан бері облыс әкімшілігімен ұйымдастырылған іс-шаралар мен облыстың маңызды оқиғаларын көрсету.
Сонымен қатар, облыс тұрғындарының шығармашылық әлеуетін арттыру және тұрғындарды облыстың қоғамдық маңызды оқиғаларына тарту.
4. Конкурс 4 кезеңнен тұрады:
— конкурс тақырыбына сай өтінім және жұмыстарды қабылдау;
— қазылар алқаларының конкурстық жұмыстарын қарау және жүлдегерді анықтау;
— конкурс жеңімпаздарының фото жәрмеңкесі;
— Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шарада марапаттау рәсімі.
4. Конкурстың жүлдегерін анықтайды:
Қазылар алқасы мен ұйымдастыру алқасы.
6. Конкурс жүлдегерін бағалау өлшемі:
— ұсынылған жұмыстың конкурс тақырыбына сай болуы;
— ұсынылған жұмыстың ашықтығы және айқындығы;
— ұсынылған жұмыстың мазмұны және сапасы;
— түпнұсқалығы;
1. Конкурстың жүлдегерін анықтайды:
Қазылар алқасы мен ұйымдастыру алқасы.
6. Конкурс жүлдегерін бағалау өлшемі:
— ұсынылған жұмыстың конкурс тақырыбына сай болуы;
— ұсынылған жұмыстың ашықтығы және айқындығы;
— ұсынылған жұмыстың мазмұны және сапасы;
— түпнұсқалығы;
— халықтың жалпы қабылдауы;
— Фотосуреттер кәсіби немесе жартылай кәсіби фотоапаратқа түсіріліп, ұсынылатын сурет жоғарғы деңгейде болуы тиіс;
— суреттің көлемі А-3 форматында, қағаз түрде және электронды түпнұсқалары (jpeg) форматында;
— ұсынылған жұмыс конкурсқа қатысушының, конкурс тақырыбы және жұмыс атауы жазылған файлда болуы тиіс;
— конкурсқа қатысушы суреттер санын шектеусіз ұсына алады;
— авторлық құқықтың бұзылуына байланысты конкурсқа қатысушы заңбұзушылықты өз мойнына алады;
— барлық ұсынылған жұмыстар иесіне қайтарылмайды және рецензияланбайды, конкурсты ұйымдастырушылардың меншігінде коммерциялық емес көрсетуге қалады.
7. Конкурсқа қатыса алмайды:
— фото суреттің авторы болып табылмайтын тұлға және өзгенің жұмысын ұсынған қатысушы;
— конкурсты ұйымдастыру мүшесі;
қазылар алқасы;
— көрсетілген мерзімнен кешіктіріп ұсынған қатысушы.
8. Конкурс жеңімпаздары I, II, ІІІ орындармен әр номинациялар бойынша марапатталады:
— «Тәуелсіздіктің 25 жылдығында еліміздің жеткен жетістіктері».
— «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның суреттері».
— «Еңбек адамы»;
— «Оңтүстік өлкесінің табиғаты»;
— «Күз сенің обективіңде»;
— «Оңтүстіктің өткеніне саяхат»;
— «Ұрпаққа аманат»;
— «Инновациялық жаңалықтар суретте».
Конкурс жеңімпаздарына арнайы сыйлықтармен дипломдар табысталады.
9. Конкурсқа қатысу өтінімдері ережеге сәйкес ұсынылады.
Конкурсқа қатысу өтінімдері 2015 жылдың 21 қазанынан басталды.
Қатысу өтінімдерін беру 2016 жылдың 5 маусымына дейін ұзартылды.
Салтанатты марапаттау рәсімі 2016 жылдың 28 маусымында «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне» орай ұйымдастырылады.
10. Барлық өтінімдер көрсетілген мерзімге сәйкес келесі адресатқа ұсынылуы тиіс: Шымкент қ., «Нурсат» м/а, әкімшілік іскерлік орталық, «ОҚО ішкі саясат басқармасы» ММ, 409 кабинет, тел: 8 (72 52) 247548.