Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне байланысты
бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым номинациясы бойынша конкурстың
ЕРЕЖЕСІ
1. Конкурс ұйымдастырушысы:
Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы
2. Жалпы ереже
Конкурсқа облыстық, аудандық, қалалық баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары мен республикалық БАҚ-ның облыстағы меншікті тілшілері қатыса алады.
3. Конкурстың мақсаты:
Қазақстанның Тәуелсіздік алған күннен бастап осы кезге дейінгі маңызды оқиғалары мен жеткен жетістіктері (Тәуелсіздік шежіресі) туралы оң имиджді материалдар жариялау болып табылады.
4. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары:
4.1. Конкурсқа 2016 жыл басынан бүгінгі күнге дейінгі жарияланған материалдар қабылданады.
4.2. Конкурсқа қатысу үшін материалдардың түпнұсқасы немесе PDF форматта, аудио- және видеожазбалары электронды тасымалдаушылармен авторлар немесе редакциялар тарапынан тапсырылады. Бейнематериалдар DVD-дискіде, тапсырылады.
4.3. Редакциядан жолданған хатта БАҚ туралы келесі мәліметтер болуы тиіс: құрылған жылы, тиражы, таралу аумағы, құрылтайшылары, бас редактордың аты-жөні, редакцияның мекен-жайы, байланыс координаттары көрсетілуі тиіс. 4.4. Жолданған хатта автор жөнінде келесі мәліметтер: автордың аты-жөні және оның лақап аты, туылған жылы, жұмыс орны, пошталық мекен-жайы, қысқаша биографиясы және байланыс координаттары көрсетілуі тиіс.
4.5. Конкурсқа жолданған хаттар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
4.6. Конкурсты қорытындылау конкурсқа қатысушылардың ұсынылған мәліметтері негізінде конкурстық комиссияда және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңесте жүзеге асырылады.
4.7. Конкурсқа қатысу үшін материалдар облыстық ішкі саясат басқармасының мекен-жайына 2016 жылдың 6 маусымынан 10 маусымға дейінгі аралықта жолдануы тиіс.
4.8. Конкурстық жұмыстар конкурсқа қатысушыларға қайтарып берілмейді.
4.9. Конкурсқа қатысу тілі – мелекеттік және орыс тілінде. Егерде материал басқа тілде жарияланған болса, конкурсқа қатысушы ұйымдастыру комитетіне конкурстық материалдың аудармасын БАҚ мөрімен растау арқылы ұсынуы тиіс.
5. Авторлық құқықтары
5.1. Конкурсқа жолданған жұмыстардың авторлық құқығының сақталуына жауапкершілік, осы материалды ұсынған Конкурсқа қатысушыға жүктеледі.
5.2. Авторлар ұйымдастыру комитетіне ұсынылған материалдарды коммерциялық емес мақсаттарда (көрме тақталарында, өздерінің баспаларында шығаруға) пайдалануға құқық береді.
6. Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне байланысты бұқаралық ақпарат құралдарындағы үздік жарияланым конкурсының жеңімпаздары төмендегі номинациялар бойынша марапатталады:
«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын кеңінен насихаттаған үздік телеарна» номинациясы — 1 000 000 теңге;
«Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын кеңінен насихаттаған үздік басылым» номинациясы — 1 000 000 теңге қаржылай сертификат табыс етіледі.
Республикалық телеарналар арасында «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясы — 500 000 теңге;
Республикалық басылымдар арасында «Ең үздік аймақ тілшісі» номинациясы — 500 000 теңге;
Конкурсты қорытындылау барысында келесі жайлар ескеріледі:
• материалдың жарияланған конкурс мақсатына сәйкестігі;
• тапсырылған жұмыста талдаудың тереңдігі мен өзектілік дәрежесі;
• материалдың пәрменділігі мен тура бағытталуы;
• кәсіпқойлық дәрежесі, бағдарлама мен мақаланың жанрлық түрлілігі;
• материалдар дайындау барысындағы өзіндік жұмысы мен ынтасы.
7. Жеңімпазды марапаттау
2016 жылғы 28 маусым – «Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні» мерекесінде конкурс жеңімпаздары арнайы номинациямен марапатталады.
8. Конкурстық комиссия құрамы
Конкурстық комиссия құрамы ОҚО ішкі саясат басқармасы тарапынан бекітілген. 9. Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы
Шымкент қ, Нұрсәт мөлтек ауданы, Астана даңғылы, әкімшілік іскерлік орталығы, ОҚО ішкі саясат басқармасы, №409 кабинет, тел./ф. 8 (7252) 24-75-48.