Экономика Ақпараттық бағыттағы жұмыстарды жандандыруда Редактор 24.10.2022 6697 1 оқу мин Бүгінде тұтынушылардың құқығын қорға мәселесі өткір тұр. Әрбір тұтынушының құқығы қорғалуы тиіс. Ол үшін Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті ауқымды түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы ҚР заңнамасы ҚР Конституциясына негізделеді және Азаматтық Кодекстен, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңнан және ҚР басқа нормативтік актілерінен құралатындығы туралы ескертпе таратуда. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: тұтынушылардың экономикалық мүдделеріне жәрдемдесу және осы мүдделерді қорғау; сатушы (дайындаушы, орындаушы) ұсынатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) туралы ақпараттың қолжетімділігі және дұрыстығы; өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларды ағарту, тұтынушының құқықтық сауаттылығын арттыру; тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың оларды қорғауды қамтамасыз ететін іс-шаралардың дәйектілігіне негізделген тиімді жүйесін қамтамасыз ету; электрондық коммерцияда тұтынушылардың заңды мүдделерінің басқа сауда нысандарында ұсынылатын қорғау деңгейінен кем емес қорғалуын қамтамасыз ету; тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінің, қауымдастықтардың (одақтардың) тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге қатысуы; тұтынушыларды қауіпсіз және сапалы тауарлармен (жұмыстармен, қызметтермен) қамтамасыз ету қағидаттары негізінде жүзеге асырылады («Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңның 2-1-бабы). Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылатынын департамент мамандары ескетуде. Бұдан бөлек, департамент мамандары арнайы семинарлар ұйымдастырып, ақпараттық бағыттағы жұмыстарды жандандыруда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 51676 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 162835 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 178884