Саясат ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР – ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛАҚЫ Редактор 31.10.2022 11617 1 оқу мин Өңірлерде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің сайлауалды үгіт-насихат сапары жалғасып жатыр. Үміткер ең әуелі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне барды. Студенттер және оқытушылармен кездесу барысында жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жалақы және оны индекстеу мәселелері көтерілді. «Әрине, біз әрқашан жастардың жұмысы мен жақсы жалақысы болғанын қалаймыз. Алайда мұндай мәселе тек бір жыл ішінде тез шешіле қоймайды. Себебі, бүгінгі таңда жылдар бойы қордаланып қалған, өзекті мәселелердің біріне айналған. Барлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен басталады, яғни бұл аталған проблеманың негізі болып отыр. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 60 мың теңгені құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 70 мың теңгені құрамақ. Біздің ойымызша, ол 70 мың емес, 150 мың теңгеден астам болуы керек. Дамыған елдерде жалақының ең төменгі мөлшері 717 мың теңгені құрап отыр, яғни көргендеріңіздей айырмашылық 10 есе», деді кандидат. Үміткер лайықты өмір лайықты жалақыдан басталатынын атап өтті. Бұдан кейін Мейрам Қажыкен Қостанайдағы сайлауалды штаб жұмысымен танысты. Үгіт-насихат жұмыстары қазанның 21-інен басталған. Штаб мүшелеріне сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге 15 ерікті көмектесуде. М.Қажыкен атқарылған жұмыс нәтижелеріне оң баға берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ 1 оқу мин Саясат ТҮРКІСТАНДА ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ ІС-ШАРА ӨТТІ 06.05.2026 9075 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 16622 ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 1 оқу мин Саясат ГЕРМАНИЯЛЫҚ БАҚ ШЫМКЕНТ ТУРАЛЫ: МЕГАПОЛИС ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ЕНГІЗУДЕ 06.10.2025 171091