Саясат ЛАЙЫҚТЫ ӨМІР – ЛАЙЫҚТЫ ЖАЛАҚЫ Редактор 31.10.2022 13502 1 оқу мин Өңірлерде Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкеннің сайлауалды үгіт-насихат сапары жалғасып жатыр. Үміткер ең әуелі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетіне барды. Студенттер және оқытушылармен кездесу барысында жас мамандарды жұмысқа орналастыру, жалақы және оны индекстеу мәселелері көтерілді. «Әрине, біз әрқашан жастардың жұмысы мен жақсы жалақысы болғанын қалаймыз. Алайда мұндай мәселе тек бір жыл ішінде тез шешіле қоймайды. Себебі, бүгінгі таңда жылдар бойы қордаланып қалған, өзекті мәселелердің біріне айналған. Барлығы ең төменгі жалақы мөлшерінен басталады, яғни бұл аталған проблеманың негізі болып отыр. Биылғы жылы бұл көрсеткіш 60 мың теңгені құрады. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ол 70 мың теңгені құрамақ. Біздің ойымызша, ол 70 мың емес, 150 мың теңгеден астам болуы керек. Дамыған елдерде жалақының ең төменгі мөлшері 717 мың теңгені құрап отыр, яғни көргендеріңіздей айырмашылық 10 есе», деді кандидат. Үміткер лайықты өмір лайықты жалақыдан басталатынын атап өтті. Бұдан кейін Мейрам Қажыкен Қостанайдағы сайлауалды штаб жұмысымен танысты. Үгіт-насихат жұмыстары қазанның 21-інен басталған. Штаб мүшелеріне сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге 15 ерікті көмектесуде. М.Қажыкен атқарылған жұмыс нәтижелеріне оң баға берді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458