Саясат ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ШАБАНДОЗДАРЫ САЯСИ НАУҚАНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ Редактор 19.03.2023 11294 1 оқу мин Бүгін елімізде өтіп жатқан Мәжіліс және мәслихат депутаттарын таңдау сайлауында түлкібастық жас шабандоздар да белсенділік танытып, өз таңдауларын жасауда. Шақпақ-баба ауылындағы №792 сайлау учаскесіне командасымен келген жас шабандоздардың қатарында биыл алғашқы рет саяси науқанға қатысып, елінің болашағы үшін өз таңдауын жасағандардың қатарында көкпардан Қазақстан Республикасының жастар құрамасының белді мүшесі, еліміздің чемпионы Асылжан Мамыт та бар. Шақпақ құрама командасымен бірге сайлау учаскесіне ұлттық нақыштағы көкпар киімі мен атпен келген спортшыларды ауыл жұртшылығы ерекше ықыласпен қарсы алып, қошемет көрсетті. Он сегіз жасқа толып, алғашқы дауысын беріп жатқан Асылжан Наурыз мерекесі қарсаңында өтіп жатқан саяси науқанға ұлттық киім киіп, атпен келуін ұлттық салт-дәстүрді насихаттау мақсатында істеліп жатқан әрекет екенін жеткізді. Айта кетейік, Түлкібас ауданына бекітілген 60 сайлау учаскесіне 60 166 сайлаушы тіркелген. Сайлау күні мүгедектігі бар жандарға да тиісті жағдай жасалған. Барлық өңірдегі сайлау учаскелерінде Брайль шрифті бар трафареттер, кандидаттар тізбесі бар бюллетеньдердің аудио нұсқалары қолжетімді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 5164 Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 1 оқу мин Саясат Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 03.07.2026 4714 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 24186