Руханият ТҮРКІСТАН: НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ АРЫС ТҰРҒЫНЫ 55 КЕЛІЛІК ҚОШҚАРДЫ 303 РЕТ КӨТЕРДІ Редактор 21.03.2023 9329 1 оқу мин Түркістанда Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесі кең көлемде тойланды. Түркістанда өткен наурыз мерекесінде Арыс қаласының тұрғыны Азамат Мақұлбеков 55 келілік қошқарды 303 рет көтеріп, көпшіліктің ықыласына бөленді. Бірінші орынды иеленген оған өзі көтерген қошқар сыйға берілді. «Мен бұдан алдын қошқарды 1111 көтеріп рекорд орнатқан болатынмын. Бұрын күреспен айналыстым. Кейін қойып кеттім»-дейді ол. «Керуен Сарай» кешенінде өткен мерекелік шара барысында күрес, қол күрес, тоғыз құмалақ секілді спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылды. Жастар асық ойнап, арқан тартты. Эстрада жұлдыздары әсем әндер орындап, көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды жергілікті тұрғындарды наурыз мерекесімен құттықтады. Мерекеге жиналған көпшілік киіз үйлерде арнайы жайылған дастарханнан дәм татты. Этноауылға саяхат жасап, қолөнер шеберлері мен суретшілердің көрмесін тамашалады. Айта кетейік, Түркістанда наурыз мерекесі кешке эстрада жұлдыздарының концерттімен жалғасады. Ал, ертең облысқа қарасты аудан, қалаларда Әз-Наурыз мерекесі аталып өтілетін болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Астанада Өнер музейі ашылды 1 оқу мин Руханият Астанада Өнер музейі ашылды 10.10.2025 36150 ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 10.10.2025 35572 ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 1 оқу мин Руханият ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 09.10.2025 39446