Руханият ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ КІТАПХАНА ҚОРЫ 1000 КІТАППЕН ТОЛЫҚТЫ Редактор 25.03.2023 15976 1 оқу мин Бүгін «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен Түлкібас аудандық кітапханалар жүйесінің «Кітап Travel – 2023» «Шежірелі өлкеден – рухани Темірқазыққа» атты іс-шарасы өтті. «Түркістанға арнау» әнімен бастау алған шараға зиялы қауым өкілдері, кітапхана оқырмандары мен құрметті қонақтар қатысты. Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Жанат Шардарбекова мен Түлкібас аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Қамар Кенжебаева, «Шұғылалы таң» қоғамдық қайырымдылық қорының басшысы Дана Орманова мен ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ы.Алтынсарин төс белгісінің иегері Айғаным Сері бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ келген қонақтар мен оқырманды кітап оқуға және бір-біріне кітап сыйлауға шақырды. Кейіпкерлер шеруі мен жазушы Шерхан Мұртазаның «41 жылғы келіншек» әңгімесінен көрсетілген қойылым саханаға көрік берді. Іс-шара барысында облыстық кітапхана қорына 671 кітап сыйланды. Сонымен қатар әннен шашу шашылып, көрерменге көтеріңкі күй сыйлады. Акцияның негізгі мақсаты мен іске асыру бағыты – өңірлік кітапханалардың қызмет көрсету бағытындағы озық идеяларды анықтау, бүгінгі оқырманның сұранысын қанағаттандыру арқылы кітап оқудың жаңа тетіктерін қарастыру. Өлкеден шыққан жас қаламгерлерді көпшілікке таныта отырып жігерлендіру. Осы бастама аясында облыстық кітапхананың сандық форматтағы және түпнұсқа қолжазбалар түріндегі сирек қорын көбейтуге қолдау көрсету. Айта кетейік, жыл соңына дейін Түркістан облысында танымал қаламгерлердің, ақын-жазушылар мен баспагерлердің кітаптарынан кітап қорын 20 мыңға жеткізу жоспарланған. Алдағы уақытта осындай акциялар өңірде ғана емес, өзге қалаларда өткізілмек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Астанада Өнер музейі ашылды 1 оқу мин Руханият Астанада Өнер музейі ашылды 10.10.2025 36345 ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 10.10.2025 35853 ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 1 оқу мин Руханият ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 09.10.2025 39556