Руханият ТҮРКІСТАНҒА АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРПАЗДАРЫ ГАСТРОЛЬДІК САПАРМЕН КЕЛДІ Редактор 27.03.2023 13111 1 оқу мин Түркістандағы облыстық «Farab» әмбебап-ғылыми кітапханасында Абай облысы, Көкпекті ауданы, Тассай ауылдық округінің өнерпаздары гастрольдік сапармен келіп, өнер көрсетті. «Түркістан ер түріктің бесігі ғой» атты концертті Тассай ауылдық округі мәдениет үйінің меңгерушісі Қабдыкәрім Байжұмановтың өзі жүргізіп, әуезді әнмен бірге көркемсөзбен көріктеді. Кеште республикалық байқаулардың жеңімпазы, тассайлық әнші Саяхат Тұрлыбеков пен жергілікті әншілер мен жеткіншек бишілер өнер көрсетті. Сонымен қатар, тассайлық қос ақын Манарбек Бекіш пен Фархат Маратұлының айтысы көрермен назарын аудара білді. Ал хордың орындауындағы күй көпшілікті тебірентті. Кеш соңында Тассай ауылдық округінің әкімі Ержан Мәзібаев сөз сөйлеп, шараның мақсатына тоқталып өтті. Киелі Түркістаннан бөлек, Моңғолия еліне де гастрольдік сапармен баруды жоспарлап отырғанын жеткізді. Сөз соңында Көкпекті ауданы әкімінің атынан шараға атсалысқан кітапхана директоры мен ұжымына алғысын білдіріп, сый-сияпат табыстады. Зайсан көлінің жағасында орналасқан қазақы ауылдың көркемөнерпаздарымен қоса зиялы қауымы мен мемлекет қызметкерлері де атсалысқан концерт қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше әсер қалдырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Астанада Өнер музейі ашылды 1 оқу мин Руханият Астанада Өнер музейі ашылды 10.10.2025 36345 ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДА ҮЗДІК СТУДЕНТТЕРГЕ БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРЫЛДЫ 10.10.2025 35853 ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 1 оқу мин Руханият ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ МӘДЕНИЕТІНЕ АРНАЛҒАН «ДӘН МЕН ДӘМ» ГАСТРОНОМИЯЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ 09.10.2025 39556