Саясат МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ МЕКТЕПТЕРІНЕ 4 ЖАҢА АБТОБУС БЕРІЛДІ Редактор 28.03.2023 4142 Түркістан облысы Мақтаарал ауданының мектептеріне 4 жаңа автобус беріліп отыр. Бүгін аудан әкімі Бақыт Асанов оқушыларды тасуға арналған көліктердің кілттерін мектеп директорларына тапсырып, көпшілікті қуанышты сәтпен құттықтады. «Балаларымыз шалғай елдімекендерде тұруына қарамастан, мектепке өз уақытында барып, сапалы біліммен қамтылуы керек. Осы мақсатта облыс әкімінің бастамасымен «Балаларды тасымалдауға арналған автобустарды сатып алу» инвестициялық жобасы аясында ауданымызға 4 автобус беріліп отыр. Аталған көліктер тасымалданатын оқушыларымыздың игілігіне жарай берсін!» — деді, Бақыт Насырханұлы. Автобустардың кілті Мақтаарал ауылдық округінде орналасқан М.Тоқжігітов жалпы орта мектебінің, Атакент кентінде орналасқан А.Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебінің, Бірлік ауылдық округінде орналасқан Береке жалпы орта мектебінің және Достық ауылдық округінде орналасқан М.Ғабдуллин жалпы орта мектебінің директорларына табысталды. Жалпы М.Тоқжігітов жалпы орта мектебіне 132 оқушы, А.Байтұрсынов жалпы орта мектебіне 81 оқушы, Береке жалпы орта мектебіне 82 оқушы және М.Ғабдуллин жалпы орта мектебіне 60 оқушы көрші елдімекендерден тасымалданады. Мемлекет тарапынан берілген 4 жаңа автобус арқылы жалпы саны 355 оқушы білім ұясына қатынайды. Айта кетейік, Мақтаарал ауданы бойынша 9 елдімекеннен жалпы саны 560 оқушы мектептерге тасымалданады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 1 оқу мин Саясат ҚАЗАҚ ЖАЙЛЫ ТУЫНДЫ 25.04.2024 2903 Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 1 оқу мин Саясат Түркістаннан Самарқанға тұрақты әуе қатынасы қатынайды 24.04.2024 2924 ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 1 оқу мин Саясат ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ЖҰМЫС САПАРЫМЕН ӨЗБЕКСТАНҒА БАРДЫ 07.04.2024 6774