Саясат Жанар-жағар майды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мақсатында полицейлер рейд жүргізуде Редактор 12.04.2023 15798 1 оқу мин Түркістан облысы Сауран ауданы Сауран шеп бекетінде тәртіп сақшылары автокөліктерді тексеріп, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – жанар-жағар майдың облыстан тысқары аумақтарға заңсыз тасымалдануына жол бермеу, жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік пен жанар май мәселесі бойынша түсіндірмелер жүргізу. — Түркістан облысы аумағында біздің полицейлермен сенбі, жексенбі және мереке күндері әрдайым құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейд жұмыстары жүргізіледі. Ал бұл жолғы бекеттегі рейд ҚР ІІМ нұсқауы мен Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес жанар-жағар майды заңсыз тасудың алдын алу бойынша өткізілуде. «Самара-Шымкент» тас жолында орналасқан «Сауран» стационарлық бақылау шеп-бекеті облыстардан келетін және кері қарай өтетін көлік ағынының нағыз ошағы деуге болады. Бекет Батыс-Еуропа Батыс-Қытай трассасы бойында орналасқандықтан, жүк көліктері, транзиттік және шетелдерге бағыт алған автокөліктер көптеп өтеді. Сондықтан облыс бойынша 3 аумақта: Сауран шеп бекеті, Түлкібас ауданы Шақпақ бекеті мен Келес ауданы Қонысбаев кеден бекетінде дәл осындай рейд ұйымдастырылуда. Барша жүргізушілерді жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып, заң бұзушылыққа бармауға, жол бермеуге шақырамын! Жанар-жағар майды заңсыз тасымалдауға жауапкершілік бар екенін ескертемін! — деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Есембекұлы Айтпаев. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 5164 Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 1 оқу мин Саясат Экономический рост Центральной Азии: что способствует развитию региона 03.07.2026 4714 Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 1 оқу мин Саясат Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті 21.03.2026 24149