Саясат Жанар-жағар майды заңсыз тасымалдаудың жолын кесу мақсатында полицейлер рейд жүргізуде Редактор 12.04.2023 16469 1 оқу мин Түркістан облысы Сауран ауданы Сауран шеп бекетінде тәртіп сақшылары автокөліктерді тексеріп, қосымша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Басты мақсат – жанар-жағар майдың облыстан тысқары аумақтарға заңсыз тасымалдануына жол бермеу, жүргізушілерге жолдағы қауіпсіздік пен жанар май мәселесі бойынша түсіндірмелер жүргізу. — Түркістан облысы аумағында біздің полицейлермен сенбі, жексенбі және мереке күндері әрдайым құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында күндізгі және түнгі рейд жұмыстары жүргізіледі. Ал бұл жолғы бекеттегі рейд ҚР ІІМ нұсқауы мен Полиция департаменті бастығының тапсырмасына сәйкес жанар-жағар майды заңсыз тасудың алдын алу бойынша өткізілуде. «Самара-Шымкент» тас жолында орналасқан «Сауран» стационарлық бақылау шеп-бекеті облыстардан келетін және кері қарай өтетін көлік ағынының нағыз ошағы деуге болады. Бекет Батыс-Еуропа Батыс-Қытай трассасы бойында орналасқандықтан, жүк көліктері, транзиттік және шетелдерге бағыт алған автокөліктер көптеп өтеді. Сондықтан облыс бойынша 3 аумақта: Сауран шеп бекеті, Түлкібас ауданы Шақпақ бекеті мен Келес ауданы Қонысбаев кеден бекетінде дәл осындай рейд ұйымдастырылуда. Барша жүргізушілерді жолдағы қауіпсіздік шараларын қатаң ұстанып, заң бұзушылыққа бармауға, жол бермеуге шақырамын! Жанар-жағар майды заңсыз тасымалдауға жауапкершілік бар екенін ескертемін! — деп атап өтті Түркістан облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Есембекұлы Айтпаев. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 6099 День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 1 оқу мин Саясат День Каспийского моря отмечают в Казахстане: экологические инициативы объединили волонтеров семи стран 12.08.2026 5204 Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 1 оқу мин Саясат Предварительные результаты переписи населения опубликованы в Узбекистане 03.07.2026 12605