Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлының «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында, ауыл тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының АӨК субьектілерін несиелендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Калданов Бауыржан Аманұлы, «Түркістан» ӘКК» АҚ директоры Исаев Нұрлыбек Ақылбекұлы, «ЫРЫС» МҚҰ-ның несие бөлімінің сарапшасы Бекпенбетов Берік, Түркістан облысы бойынша «Атамекен» ҰҚП-ның директор орынбасары Рысбеков Нұрбол Пернебаевич,Ауыл аманаты бағдарламасына жауапты аудан әкімінің орынбасары, «Аманат» партиясының төрағасы, және жұмысшы топ мүшелері, ауыл әкімдерімен бірлесіп, Түлкібас ауданы, Т.Рысқұлов және Шақпақ ауылындағы несие алуға ниетті кооператив төрағаларына, мүшелері және ауыл тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды. Жиынның мақсаты: «Ауыл ел аманаты» жобасының мақсатын, тиімділігін кеңінен түсіндіру 2,5 пайызды құрайтын несие бойынша және ауыл шаруашылығын техникасын лизингке беру, кепілге қойылатын тұрғын үй құжаттарының болуы, инвестициялық субсидия қарастырылғаны, несиенің басты бағыттарына түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жиын соңынан азаматтарды жеке қабылдап, несиеге қатысты ұсыныстарын тыңдап, заң аясында шешу жолдарын тұрақты түрде бақылауда болатыны айтылды. Жалпы Түлкібас ауданында ауыл шаруашылығының түрлі саласында нәпақасын теріп жеп жүргендер көп. Мемлекет тарапынан көрсетілетін тағы да бір қолдаудың арқасында олардың қатары тағы да арта түспек. Әсіресе бүгінде ауданда балық шаруашылығына ден қойғандардың қатары артып келеді. Ауылда тұрып кәсібінің нанын жеп, кәсібінің тасын өрге домалатып отырғандар бұған қуанулы.