Әлеумет ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 7 БІЛІМ ОРДАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК Редактор 07.08.2023 9756 1 оқу мин Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов өңірдегі бірнеше ауылдық округтерге барып, құрылысы жүріп жатқан нысандармен танысты. Алдымен Ақбұлақ округінде орналасқан екі қабатты мәдениет үйінінің құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінде нысанның ішкі жұмыстары аяқталып, көрермендер залының едені төселуде. Аталған ғимарат – мәдениет үйін, кітапхана мен спорттық үйірмелерді қамтымақ. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, нысан биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Аудан әкімінің сапары аймақтағы мектеп құрылыстарымен танысумен жалғасты. Аймақта жалпы 75 мемлекеттік, 17 жеке меншік мектеп бар. 1 қыркүйектен бастап тағы жеті білім ордасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Одан бөлек, аудан басшысы өңірдегі «Art Boilers» компаниясының жұмыс барысымен танысты. Бүгінде бұл мекеме неміс технологияларын қолдана отырып, заманауи қазандықтарды өндіріп жатыр. Жалпы кәсіпорын 2,6 га жерді алып жатыр. Онда жылына 400-ге жуық жылыту қазандықтары шығарылады. Бұл өңірдегі жоғары технологиялық жылыту қазандықтарын өндіретін жалғыз өндіріс орны. 2008 жылы негізі қаланған «Art Boilers» компаниясы алдағы уақытта да өндіріс күшін арттырмақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 22440 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 21597 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 21169