Әлеумет ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 7 БІЛІМ ОРДАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕК Редактор 07.08.2023 14495 1 оқу мин Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитов өңірдегі бірнеше ауылдық округтерге барып, құрылысы жүріп жатқан нысандармен танысты. Алдымен Ақбұлақ округінде орналасқан екі қабатты мәдениет үйінінің құрылыс жұмыстарын көрді. Бүгінде нысанның ішкі жұмыстары аяқталып, көрермендер залының едені төселуде. Аталған ғимарат – мәдениет үйін, кітапхана мен спорттық үйірмелерді қамтымақ. Мердігер мекеме өкілдерінің айтуынша, нысан биыл қыркүйек айында пайдалануға беріледі. Аудан әкімінің сапары аймақтағы мектеп құрылыстарымен танысумен жалғасты. Аймақта жалпы 75 мемлекеттік, 17 жеке меншік мектеп бар. 1 қыркүйектен бастап тағы жеті білім ордасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Одан бөлек, аудан басшысы өңірдегі «Art Boilers» компаниясының жұмыс барысымен танысты. Бүгінде бұл мекеме неміс технологияларын қолдана отырып, заманауи қазандықтарды өндіріп жатыр. Жалпы кәсіпорын 2,6 га жерді алып жатыр. Онда жылына 400-ге жуық жылыту қазандықтары шығарылады. Бұл өңірдегі жоғары технологиялық жылыту қазандықтарын өндіретін жалғыз өндіріс орны. 2008 жылы негізі қаланған «Art Boilers» компаниясы алдағы уақытта да өндіріс күшін арттырмақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды Әлеумет Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды 01.09.2026 7776 Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Алаяқтарға көмектескен күдікті ұсталды 28.08.2026 6614 Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 1 оқу мин Әлеумет Мемлекеттік нөмірдегі бір әріптің өзгеруі қамаққа алуға әкеліп соқты 25.08.2026 5941