Саясат АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ — АТА ЗАҢЫМЫЗДЫҢ АРАЙЛЫ МЕРЕКЕСІ Редактор 30.08.2023 18373 1 оқу мин Шымкентте 30-тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясының күні қарсаңында «Ұлы дала шежіресі – Ата заң» мерекелік салтанатты іс шарасы өтті. Қала әкімі М.Әйтенов мерекелік жиынға арнайы қатысып, қала жұртшылығы мен қонақтарын ел тарихындағы маңызды мерекемен құттықтады. Арнайы театрландырылған қойылымнан басталған салтанатты кеште Әнұран шырқалып, Көк Туымызға құрмет көрсетіліп, сарбаздар рухты асқақтататын патриоттық әндерді шырқады. » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізді саяси, құқықтық және әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жаңғыртып, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру мақсатында жүйелі реформаларды жүзеге асырып келеді. Бүгінде Қазақстан құқықтық-демократиялық дамудың жаңа бір кезеңін бастан өткізіп жатыр. Азаттығымыздың айшықты айғағы айналған Ата Заң — тәуелсіздіктің теңдессіз тартуы. Халықтың өзі дауыс беріп қабылдаған өзгерістер арқылы Конституциямыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылып отыр» — деді қала әкімі. Салтанатты басқосу ел мен ұлттың ынтымағы, дамуы жолында үлес қосып келе жатқан азаматтарды марапаттау рәсіміне ұласты. Ата Заңымыз ұлықталған мерекелік іс шарада қалалық мәдениет үйі өнерпаздары, цирк әртістері мен өзге де жергілікті өнерпаздар патриоттық бағыттағы ән-жырлары мен қойылымдарын көпшілікке ұсынды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 1 оқу мин Саясат Кыргызстан готовится к запуску первого спутника 01.10.2026 5698 Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 1 оқу мин Саясат Призывников и контрактников в Узбекистане будут проверять на наркотики 01.10.2026 4733 Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 1 оқу мин Саясат Казахстан и Кыргызстан укрепляют сотрудничество в рамках ШОС 12.08.2026 10458