Түркістан облысына қарасты Келес ауданының білім бөліміне қарасты №12 Р.Әлібекұлы жалпы орта білім беретін мектебінде жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша 11-сынып оқушылары арасында Президенттік олимпиада өтті. Олимпиаданың аудандық кезеңіне төрт пәнді меңгерген (математика, физика, химия, биология) 45 оқушы қатысты. Жеңімпаз шәкірттер енді облыстық кезеңде бақ сынайды. Дарынды шәкірттер айтулы додада топ жарады деген сенім бар. Бұдан бөлек, «Support times» және «Көмек таймс» жобасы аясында, Келес, Сарыағаш ауданына қарасты шағын жинақты жалпы орта мектептердің, С.Торайғыров және Сарыағаш «Дарын» мектебі оқушыларына арналған олимпиадалық оқу-жаттығу жиыны Сарыағаш «Дарын» мектебінің базасында гуманитарлық бағыттағы 5 пәннен болып өтті. Мектептің үздік педагогтары «Оқушыларды олимпиадаға дайындау” жұмыстарын жолға қойды. Іс-шара аясында педагогтар арасында әріптестік ынтымақтастық одан әрі дамыса, оқушылар пәндік білім алып тәжірибе алмасты. Өз тәжірибесімен бөлісіп, сапалы сабақ өткен Г.Ахметова, Д.Абубакиров, Л.Құрбанова, А.Балгимбекова, Н.Адигеев және С.Маликова әріптестер үлкен еңбек етті. Ұстаздарымыздың бірлескен ынтымақтастығының арқасында ауыл мектебінен келген және мектеп-интернат оқушылары түрлі олимпиадаларда жоғары жетістіктерге жетеді деген сенім бар.