Қазіргі таңда педагогтың инновациялық үдерісіндегі әдіс-тәсілдерінің негізгі бағыттарын басшылыққа ала отырып, жеке тұлғаның даму ерекшеліктерін қазіргі заман психологиясы мен педагогикасына сай тәрбиелеп, білім мен тәрбиені қатар меңгертуде. Осыған орай, баланың дұрыс жетіліп дамуы үшін оның өміріне қолайлы жағдай жасау, тәртібін, іс-әрекет дағдыларын, танымдық ерекшеліктерін қалыптастыру, эмоциялық көңіл-күйін, баланың жеке басының әлеуметтік статусын көтеру болып табылады. Осы орайда ерекше қажеттілігі бар балалар да назардан тыс қалмаған. Дамудың күрделі бұзылулары бар балалар санының өсуі оларды қазіргі қоғамда әлеуметтендіру және бейімдеу жұмыстарын жандандыруды қажет етіп отыр. Медицина, технология, сандық технологиялар, арнайы психология және түзету педагогикасы саласындағы ғылыми жетістіктерді баланың дамуының алғашқы кезеңдерінде кеңінен қолдану мүмкіндігі шектеулі балалардың бір бөлігі мектеп жасына дейін психикалық дамудың қалыпты деңгейіне жететіндігіне әкеледі, бұл бұрын оқшауланған жағдайларда байқалған, сондықтан ерекше деп саналды. Мұндай жағдайда ерекше психо – физикалық жағдайларды ерте диагностикалау және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу мен оқытуда жеке бағдарламалар арқылы оқытуға дайындалған мектепке дейінгі мекемелер негізінде балаларға жан-жақты кешенді көмек маңызды шарт болып табылады. Қазіргі уақытта қоғам кәсіби еңбек ету барысында болашақ маман иесінен қажетті психологиялық-педагогикалық тәсілдерді меңгеруді талап етіп отыр. Педагог қауымы өз бойындағы жеке ерекшеліктерімен қатар, балалардың психологиялық ерекшеліктерін, ұжымда дамуы мен қарым-қатынас жасау психологиясын, өзін-өзі меңгере алу технологиясын білуі қажет екенін назарға салып келеді. Ерекше қажеттілігі бар балаларды қоғамға бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай ағымдағы жылдың 13-қазан күні Түркістан облысына қарасты Жетісай қаласының Мәдениет сарайында аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес «Біз біргеміз!» жобасы аясында ерекше білім беруді қажет ететін білім алушылар арасында өнер фестивалі өтті. Фестивальға 73 мектептің білім алушылары қатысты. Аталған іс-шара шеңберінде балалар ән айтып, би билеп, мәнерлеп өлең оқудан сайысқа түсті. Балалардың өнері әділ қазылар тарапынан өз деңгейінде бағаланып, жүлделі орындарға ие болды. Фестиваль соңында барлық білім алушыларға сый-сияпат және үздік өнер көрсеткені үшін мадақтама таратылды. Қатысушылар өнерлі өрендерге жылы лебіздерін білдірді. Алдағы уақытта аталмыш бағыттағы шаралар жалғасын табатын болады.