Қазақстандық ғалымдадың зерттек еңбектерін алыс та жақын шетел ғалымдар мойындатып отыр. Қазақстандық ғылымды дамытуда ғалымдарымыздың жеткен жетістіктері көп. 2023 жылдың 12 қазанында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Үлкен Залында Халықаралық Қорқыт Ата симпозиумының ашылу салтанаты болып өтті. Симпозиумның ашылу салтанатында ең алдымен Қазақстан және Түркияның гимні орындалды. Ең алдымен сөз кезегі университет Ректоры доктор Жанар Темірбековаға ханымға берілді. Ректор өз сөзінде Қорқыт Ата мұрасының күллі Түркі жұртына ортақ мұра болып табылатынын, симпозиумның Түркістан төрінде ұйымдастырылып жатқандығы Түркі Дүниесі үшін маңызға ие екенін атап өтті және симпозиум жұмыстарына сәттілік тіледі. Келесі сөз кезегі университет Ректор Өкілі доктор, профессор Пеями Баттал мырзаға берілді. Қорқыт Ата Түркі жұрты үшін маңызға ие тұлға екенін, ынтымағы жарасқан Түркия және Қазақстан елдерінде Қорқыт Ата атындағы университеттердің, көшелердің болуы Түркі халқы үшін Қорқыт Ата есімінің маңыздылығының бір дәлелі екенін атап өтті. Ресми құттықтау сөзден соң симпозиумның пленарлық отырысы жалғасын тапты. Пленарлық отырысты Түркология ғылыми-зерттеу институты директоры, доктор, профессор Бүлент Байрам жүргізді. Ең алдымен Түркология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Шәкір Ыбыраев мырза сөз алды. Ғалым «Қорқыт Ата кітабы және Түркі халықтарының Ауызша эпикалық дәстүрі» тақырыбында ой қозғады. Баяндамада Қорқыт Ата кітабының Дрезден нұсқасына тоқталды, талдаулар жасады. Келесі сөзді Түркиялық ғалым, доктор, профессор Метин Экижи мырза алды. Ғалым Юнеско шеңберінде Қорқыт Ата мұрасын қорғауға қатысты жұмыстар жасалғанын атап өтті. Қорқыт Ата жырының Түркістан-Түркіменсахра жазбасын таныстырып өтті. Келесі сөзді филология ғылымдарының докторы, профессор Тынысбек Қоңыратбаев мырза алды. Түрколог ғалым «Түркология және фольклортану ғылымында Қорқыт Атаны оқытудың жаңаша мәселелері» жөнінде баяндамасын таныстырып өтті. Баяндамада Оғыз елі туралы деректер көбіне Рашид Аддиннің жазбаларында кездесетінін атап өтті. Қорытынды сөз доктор Гүрол Пехливан мырзаға берілді. Түркиялық ғалым Пехливан мырза «Қорқыт Ата дастанындағы туыстық қарым-қатынастар» жөнінде жасаған зерттеулерін тілге тиек етті. Баяндамада Ішкі Оғыз және Сыртқы Оғыз жөнінде қызықты мәліметтерімен бөлісті. Пленарлық отырыс соңында доктор, профессор Бүлент Байрам барлық қатысушыларға, студенттерге алғысын білдірді.