Түркістан облысына қарасты «Арыс қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «№372 бастауыш мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Көркем сөз» үйірме жетекшісі Л.Мырзабаева 4- сынып оқушыларымен «Әдебиет әлемінде» сайыс сабағын өтті. Сабақтың негізіг мақсаты -оқушылардың білім-білік дағдыларын байқау, білім сапасын арттыру, өздерін емін-еркін ұстай білуге, білім деңгейлерін толықтыруға, тез әрі жылдам жауап беруге үйрету болып табылады. 4- сынып оқушыларынан құрылған «Тұлпар» тобы мен «Арғымақ» тобы деп екіге бөлінді. Сайыс 6- кезеңнен тұрды: Сәлемдесу, ұран айту, өлеңді жалғастыр, дода, құпия сандық, қанатты сөздерден тұрды. Оқушылар аталмыш сабаққа асқан қызығушылықпен, барын салып қатысты. Өз білімдерін ортаға салып, білім бәйгесінде оза шапты. Сайыс соңында мектеп директоры Т.Есілбекова сөз алды. Бүгінгі сайыс өз деңгейінде өтіп, оқушыларға еліміздің болашақта білімді, өнегелі азаматы болатынына сенім білдірді. «Тұлпар» тобы жеңіске жетіп, оқушыларды марапаттады.