Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің төрағалығымен 04.09.2023 жылы өткен №28 кеңестің хаттамалық тапсырманың 2.4. тармағын («Балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен өзара қарым-қатынасын күшейтсін, сондай-ақ ауданның әрбір мектебінде Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығын» құрсын) орындау мақсатында Түркістан облысы Ордабасы аудандық білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталықтарын» ашу туралы бұйрық шығарылып, «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» КеАҚ Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің 15.08.2023 жылғы №4 хаттамасымен бекітілген ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік нұсқау хат пен бағдарламасы ата-аналармен жиналыстар өткізіліп, таныстырылды. Орталықтың ашылу мақсаты: ата-аналарға педагогикалық дәрістер беріп, баламен қарым-қатынаста психологиялық, педагогикалық тұрғыдан бағыт-бағдар береді. Сынып жетекшілерінің, педагог-психологтердің, әлеуметтік педагогтердің және қосымша білім педагогтерінің мектеп – ата-ана қарым-қатынастарының жаңа түрлерін іске асыру және мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша қызметтерін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады. «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшада баяндалған ата-аналарға арналған сабақтардың ұсынылатын бағдарламасын басшылыққа алады, мектеп пен отбасының толықтай өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді. Ұсынылатын бағдарламаға сәйкес оқу жылына арналған сабақ кестесін құрады. Педагогикалық қолдау бағдарламасы жылына сегіз сабақты қамтиды. Сабақтардың (басқа да іс-шаралардың) мазмұны орта білім ұйымдарында «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» және балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес олардың әл-ауқаты контексіндегі ұлттық құндылықтарға негізделеді. Сабақтар әртүрлі әдіс-тәсілдерді (семинар-практикумдер, тренингтер, іскерлік ойындар, пікірталастар, талқылаулар және т.б.) өткізілуі мүмкін. Ата-аналарды педагогикалық қолдау үшін қосымша басқа да іс-шаралар ұсынылады: «Даналық мектебі» клубы, ата-аналар оқулары, конференциялар, ашық есік күндері, ата-аналар апталығы, ата-аналар мен балалардың қатысуымен мәдени іс-шаралар, мысалы, концерттер, театр қойылымдары, марафондар, жәрмеңкелер, көрмелер, жорықтар, экскурсиялар және басқа да іс-шаралар мен акциялар. тақырыптық вебинарлар, ресурстардың электрондық каталогы, психологтың кеңестері, тестілер, сауалнамалар, жадынамалар, нұсқаулықтар, чек-парақтар, постерлер және басқалар қамтылады. Биылғы оқу жылында жұмыс жасайтын “Даналық мектебінің” жоспары таныстырылып, «Ата өсиеті», «Әже даналығы», «Аға қамқорлығы», «Жеңге кеңесі» мектебі жетекшілері тағайындалды. Орталық қызметі ата-аналардың сұранысын ескере отырып, жоспар жасақтау мен ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімге қажеттілігін анықтау мақсатында ата-аналардан сауалнама алудан басталып, жұмысын жалғастыруда. Сондай-ақ, Созақ ауданындағы “Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп” КММ-де 2023-2024 оқу жылында ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығы құрылды. Мақсаты: балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселесі бойынша мектептің ата-аналармен қарым-қатынасын күшейту, сондай-ақ берекелі отбасы мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Мектепішілік ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығына төмендегі кісілер мүшелік ететін болады: Орталық төрағасы — ДТІЖО Р.Сағындықов Орынбасары — тәлімгер Н.Кенжебаева Хатшы — сынып бірлестік жетекшісі А.Арғынбай Мүшелері: ата-аналар комитетінің төрағасы Қ.Өрікбаев, бастауыш сынып мұғалімі Б.Жетпісбаева, педагог-психолог Р.Шылмамбетов, әлеуметтік педагог А.Исмаилова. Сағым Нағашыбаева